1920-жылдардағы Семей өңіріндегі педагогикалық білімнің дамуы: Қазақ педагогикалық техникумының мәселелері мен жетістіктері
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026ejh-1/157-169Кілт сөздер:
Қазақ педагогикалық техникумы, Семей өңірі, халық ағарту ісі, білім беру мекемесі, ұлттық интеллигенция, оқытушылар, ұлттық мектеп, техникум, педагогикалық білім.Аңдатпа
Мақалада 1920-жылдары Семей қазақ педагогикалық техникумының құрылуы мен қызметі қарастырылып, кеңес билігінің алғашқы жылдарында қазақ жастары үшін маңызды болған білім беру орталығының тарихы баяндалады. Зерттеуде педагогикалық техникумының қалыптасу үдерісі, оның
білім беру бағдарламалары және өңір мектептері үшін педагог кадрларды даярлаудағы орны талданған. Мұғалім кадрларын даярлау жүзеге асырылған тарихи контекстің ерекшеліктері
айқындалып, болашақ мұғалімдерді оқыту мен тәрбиелеу барысында техникум тап болған негізгі қиындықтар — қаржы ресурстарының жетіспеушілігі, оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етудегі олқылықтар, кадр тапшылығы мен техникалық жабдықталудың жеткіліксіздігі көрсетіледі. Мақалада білім беру үдерісінің негізгі қырлары, соның ішінде тіл саясаты, оқытушылардың білімі мен біліктілік деңгейі қарастырылып, студенттердің ұлттық және жас ерекшелік құрамы талданды. Мұрағат материалдары негізінде студенттер мен оқытушылар саны, оқытылатын пәндердің тізімі және өндірістік тәжірибені ұйымдастыруға қатысты деректер ұсынылады. Оқу орнының инфрақұрылымдық жағдайына, атап айтқанда жатақханалар мен кітапхана жұмысына ерекше назар аударылған. Сонымен қатар білім беру әдістемесіндегі жаңашылдықтар, мысалы зертханалық және экскурсиялық оқыту әдістерін қолдану тәжірибесі сарапталған. Мақалада елдің ұлттық зиялыларының қатарынан орын алған түлектердің рөлі мен үлесі айрықша атап өтілді. Осылайша, Қазақ педагогикалық техникумы тек Семей өңірі үшін ғана емес, бүкіл республика үшін педагог кадрларын қалыптастырудың маңызды буыны болды.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution Non-Commercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған. Аталған лицензия түпнұсқа жұмысқа тиісті түрде сілтеме жасалған жағдайда, коммерциялық емес мақсатта кез келген форматта қайта пайдалануға, таратуға және көшіруге рұқсат береді. Сілтеме жасау үшін DOI пайдаланыңыз. Коммерциялық тұрғыда пайдалану үшін history.journal.kbu@gmail.com электронды поштаға хабарласыңыз
