Маңғыстаудағы көтеріліс қозғалысы тарихы бойынша құжаттардың ақпараттық әлеуеті (1931 жылдың маусым-қыркүйегі)
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/160-176Кілт сөздер:
құжаттар, материалдар, тарихи дереккөз, Қазақстандағы ОГПУ-дің Өкілетті өкілдігі, ВОГПУ дивизиондары, қарулы көтерілістер, Маңғыстаудағы көтеріліс, ұрыс қимылдары, жедел- чекистік жұмыс, бандитизммен күресАңдатпа
Мақалада ҚР ҰҚК Арнайы мемлекеттік архивінің №9 қорынан алынған 1931 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс қозғалысы тарихына қатысты құжаттар тобының ақпараттық әлеуеті қарастырылады. Құжаттар 1931 жылдың маусым-қыркүйегіне қатысты және Маңғыстауда болған оқиғаларға – «Кіші Қазан» саясаты мен күштеп ұжымдастыруға қарсы қазақ шаруаларының көтеріліс қозғалысына тікелей қатысты болып келеді. Құжаттық дереккөздер тобының құрамы мен мазмұнына кеңінен сипаттама беріліп, олардың репрезентативтілігі, сипаты мен ерекшелігі айқындалды. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне, ең алдымен, 1931 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс қозғалысының тарихын объективті зерттеу үшін қарастырылған құжаттардың дереккөздер жиынтығындағы маңыздылығын түсіну жатады. Сонымен қатар, Маңғыстау аумағындағы қарулы көтерілістердің пайда болуы мен дамуының себеп-салдарлық байланыстары сипатталатын құжаттардың жасалу жағдайлары айқындалады. Құжаттардың мазмұны олардың авторларының оқиғалардың астары мен бағыты туралы білім деңгейін көрсетеді және Қазақстандағы ОГПУ-дың уәкілетті өкілдігінің өңірлік құрылымдарының, Жұмысшы-Шаруа Қызыл Армия бөлімдері мен бөлімшелерінің, ВОГПУ дивизиондарының, коммунистік жасақтардың қызметін, олардың Маңғыстау аумағындағы қарулы көтерілістерді басудағы орны мен рөлін жан-жақты және объективті бағалауға және анықтауға мүмкіндік береді. 1931 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс қозғалысының тарихын жан-жақты қамтитын 52 құжаттан (мәлімдемелер, радиограммалар, бұйрықтар, операция жоспарлары, директивалар және т.б.) тұратын кешен ұсынылған. Дереккөздер көтерілісті басып-жаншу стратегиясы мен тактикасын, жедел жағдайды және ұрыс қимылдарының барысын көрсетеді. Олар жоғары репрезентативтілігімен, көпқырлылығымен және мол ақпараттық құндылығымен ерекшеленеді.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Ескайрат Хайдаров

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
©2026 Автор (лар). Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution NonCommercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған.

