1920-1940-жылдардағы Оңтүстік Қазақстандағы арнайы-кәсіптік білім беру — аймақтық модернизация факторы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026ejh-1/194-203Кілт сөздер:
соғысаралық кезең, кеңестік модернизация, арнайы-кәсіптік білім беру, КСРО-ның кадр саясаты, 1930-жылдардағы индустрияландыру, әлеуметтік трансформация, аймақтық білім беру саясаты, Оңтүстік Қазақстан, институционалдық реформаларАңдатпа
Мақалада 1920–1940-жылдары Оңтүстік Қазақстанда арнайы-кәсіптік білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы кеңестік кезеңдегі аймақтық жаңғыртудың маңызды элементі ретінде қарастырылған. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің материалдарына, партиялық-әкімшілік органдардың құжаттарына, нормативтік-құқықтық актілерге және соғысаралық кезеңнің жарияланған статистикалық деректеріне сүйене отырып, техникумдар, фабрика-зауыттық оқыту мектептері, ауыл шаруашылығы және өзге де кәсіптік оқу орындары желісінің құрылуы мен кеңеюіне байланысты институционалдық өзгерістер талданған. Авторлар нормативтік базаның эволюциясын, жүйенің ұйымдастырушылық қалыптасу механизмдерін және оның материалдықтехникалық инфрақұрылымының даму ерекшеліктерін зерделеген. 1920-жылдары кәсіптік білім берудің дамуы шектеулі ресурстық мүмкіндіктер, әлсіз механикаландыру және оқу бөлмелері мен жабдықтары жоғары жүктеме жағдайында болғандығы көрсетілген. Аймақтық білім беру желісінің халық ағарту және шаруашылық жоспарлау органдарына бағынышты орталықтандырылған басқару жүйесіне институционалдық тұрғыда кіріктірілу үдерістері талданған. 1920-жылдардың соңындағы индустрияландыру мен ұжымдастыру саясаты кәсіптік мектептердің институционалдық қайта құрылуына, олардың техникумдарға айналуына және фабрика-зауыттық оқыту жүйесінің кеңеюіне алып келгені анықталған. Авторлар 1930-жылдарды кадр даярлаудың өндірістік секторы байланысының күшеюімен және кәсіби мамандану құрылымының күрделенуімен сипатталатын мобилизациялық-индустриялық даму кезеңі ретінде қарастырған. Қорытындыда 1920-1940-
жылдардағы арнайы-кәсіптік білім беру аграрлық механикаландыру мен өнеркәсіптік құрылысқа
институционалдық және кадрлық қолдау көрсеткені, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік құрылымының трансформациясына ықпал еткен аймақтық модернизацияның құрылым құраушы факторы болғаны тұжырымдалған.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution Non-Commercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған. Аталған лицензия түпнұсқа жұмысқа тиісті түрде сілтеме жасалған жағдайда, коммерциялық емес мақсатта кез келген форматта қайта пайдалануға, таратуға және көшіруге рұқсат береді. Сілтеме жасау үшін DOI пайдаланыңыз. Коммерциялық тұрғыда пайдалану үшін history.journal.kbu@gmail.com электронды поштаға хабарласыңыз
