Мырзағазы Есполовтың қоғамдық-ағартушылық қызметі

Мырзағазы Есполовтың қоғамдық-ағартушылық қызметі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/190-202

Кілт сөздер:

Мырзағазы Есполов, Орынбор мұғалімдер мектебі, қазақ интеллигенциясы, Алаш қозғалысы, «Еркін дала» ұйымы, Түркістан АКСР, Ташкент, халықтық ағарту, Қазақ (Қырғыз) ағарту институты (Киринпрос), «Талап» қоғамы

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Мырзағазы Есполовтың қоғамдық-ағартушылық қызметі кешенді түрде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасу үдерісін және оның мәдени-ағартушылық қызметін архивтік деректер негізінде қайта зерделеу қажеттілігімен айқындалады. Алаш қозғалысы кеңінен зерттелгенімен, оның жекелеген өкілдерінің, соның ішінде Мырзағазы Есполовтың қызметі жеткілікті деңгейде қарастырылмаған. Зерттеудің мақсаты — Мырзағазы Есполовтың қоғамдық-ағартушылық қызметінің негізгі бағыттарын анықтау, оның тарихи кезеңдерге сәйкес дамуын көрсету және педагогикалық, қоғамдық және мемлекеттік қызметінің өзара байланысын талдау. Сонымен қатар оның қоғамдық қызметінің мазмұны мен ерекшеліктерін нақтылау және тарихи маңызын айқындау. Зерттеу архивтік материалдар мен тарихи талдау әдістеріне негізделген. Зерттеу нәтижелері М. Есполов қызметінің
көпқырлы және кезеңдік сипатқа ие болғанын көрсетті. Алғашқы кезеңде ол мұғалім ретінде білім беру ісімен айналысып, халық арасында ағартушылық қызмет жүргізді. Бұл кезеңде оның қызметі ұлттық білім беруді дамытуға және халықтың сауатын арттыруға бағытталды. 1916-1917 жылдары майдандағы тыл жұмыстарына алынған қазақ жұмысшылары арасында ұйымдастырушылық және әлеуметтік қолдау қызметін жүзеге асырып, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарға қатысты. Сонымен қатар ол жұмысшылардың құқықтарын қорғау және олардың әлеуметтік мәселелерін шешу ісіне белсенді араласты. Алаш қозғалысы кезеңінде оның қызметі саяси мазмұнға ие болып, ұлттық идеяларды насихаттау және ұлттық съездер жұмысына қатысуымен ерекшеленді. Кеңестік кезеңде ол Түркістан АКСР-інің мемлекеттік құрылымдарында қызмет атқара отырып, ағартушылық қызметін жалғастырды. Ол Қырғыз (Қазақ) Халық ағарту институтының (Киринпрос) жүйесінде педагогикалық қызмет атқарып, білім беру үдерісіне белсенді қатысты, сондай-ақ Қазақ мәдениетін көркейтушілердің «Талап» қоғамының жұмысына араласып, мәдени-ағартушылық бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосты. Сонымен бірге оның публицистикалық және аудармашылық қызметі де қоғамдық ойдың дамуына ықпал етті. Зерттеу барысында Есполовтың ағартушылық және ұйымдастырушылық қызметтерінің өзара байланысы анықталды. Мақалада оның ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы рөлі мен қазақ интеллигенциясы қатарындағы орны айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы оның қоғамдық-ағартушылық қызметін кешенді түрде талдауда көрінеді және оның тарихи маңызын жаңа деректер негізінде бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар алынған нәтижелер қазақ зиялыларының қоғамдық қызметін тереңірек түсінуге және ұлттық тарихтың маңызды мәселелерін қайта қарастыруға ықпал етеді.

Downloads

Жарияланды

2026-06-30

How to Cite

Тастекова, Г., Байдалы, Р., & Бекмагамбетов, Р. (2026). Мырзағазы Есполовтың қоғамдық-ағартушылық қызметі. Eurasian Journal of History, 12232(2), 190–202. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/190-202

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ
Loading...