Мақсаты және мәндеттері

Журналдың мақсаты: тарихтың өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау; халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың дамуына, қоғамдағы тарихи білімнің мәні мен рөлінің нығаюына, тарих ғылымының өзекті міндеттерін шешуге ықпал ету.

Журналдың саласы дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, археология және этнология, тарихи антропология, тарихнама мен деректану және тарих ғылымының басқа да бағыттарын қамтиды.

Журналдың міндеттері: ғалымдар арасында ғылыми пікірталас үшін ашық алаң құру; ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне қолжетімділікті және зерттеушілер арасындағы кәсіби тәжірибе және білім алмасуды кеңейту; қазіргі заманғы ғылыми ұстанымдарға және тарихи деректердің кең ауқымына негізделген тарихқа деген жаңа көзқарасты қалыптастыру.

Loading...