Сайлаудан әкімшілік бақылауға дейін: 1891 ж. Далалық ереженің Торғай облысында іске асырылуы
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/43-57Кілт сөздер:
1891 жылғы Далалық ереже, Торғай облысы, Ресей империясы, болыс басқарушысы, болыстық басқару, сайлау, әкімшілік саясат, жергілікті басқару, отарлық саясат, әкімшілік бақылау, империялық реформалар, Қазақ даласыАңдатпа
Мақалада 1891-жылғы Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереженің Торғай облысы аумағында жүзеге асырылу ерекшеліктері болыстық басқару институтының трансформациясы және болыс басқарушыларын сайлау тәжірибесі тұрғысынан қарастырылады. Зерттеу XIX ғасырдың соңында Қазақ даласындағы жергілікті басқару жүйесіне мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған Ресей империясының жаңа әкімшілік моделін енгізу тетіктерін талдауға арналған. 1891-жылғы Далалық ереже енгізілгеннен кейін орын алған өзгерістер талданып, болыс басқарушыларын сайлау тәртібіне, уездік әкімшіліктің өкілеттіктерінің кеңеюіне, сайланбалы лауазымды тұлғалардың қызметіне әкімшілік бақылаудың күшеюіне және жергілікті басқарудың кадрлық құрамын бақылаудың жаңа тетіктерінің қалыптасуына ерекше назар аударылады. Жаңа заңнамаға сәйкес өткізілген алғашқы сайлаудың қорытындысы бойынша Торғай облыстық басқармасының Жалпы мәжілісі қабылдаған шешімдерге айрықша мән берілген. Мақалада Далалық ережені іске асырудың алғашқы жылдары елеулі ұйымдастырушылық қиындықтармен қатар жүргені көрсетілген. Облыстық басқарма отырыстарында өткен талқылауларды талдау жаңа заңнаманы іс жүзінде қолданудың негізгі мәселелерін анықтауға мүмкіндік берді: сайлау рәсімдерінің жетілмегендігі, болыстар ішіндегі партиялық күрес, сайлаушыларды сатып алу жағдайлары, әкімшілік өкілдерінің сайлау барысына араласуы, заң бұзушылықтарға қатысты көптеген шағымдар және сайлау процесін ұйымдастырудың бірыңғай әкімшілік тетіктерінің болмауы. Облыстық билік органдары анықталған кемшіліктерді жоюмен қатар, болыс басқарушыларына арналған бірыңғайнұсқаулықтарды әзірлеуді, сайлау құжаттамасын стандарттауды, кандидаттардың сотталғандығын есепке алуды және сайлау өткізбей-ақ лауазымды тұлғаларды тағайындау мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін біріздендірілген басқару жүйесін қалыптастыруға ұмтылғаны анықталды. Зерттеу нәтижесінде 1891 жылғы Далалық ереженің Торғай облысында жүзеге асырылуы жергілікті басқаруды институционалдық қайта құрудың маңызды кезеңі болғаны тұжырымдалады. Болысбасқарушыларын сайлау қағидаты формальды түрде сақталғанымен, реформаның мазмұны жергілікті өзін-өзі басқару элементтерінің біртіндеп шектеліп, империялық билік тарапынан әкімшілік бақылаудың күшейгенін көрсетеді. Жүргізілген зерттеу отарлық әкімшілік саясаттың өңірлік деңгейде іс жүзінде енгізілу тетіктерін нақтылауға мүмкіндік береді және заңнамалық өзгерістердің нақты басқару тәжірибесіне қалай трансформацияланғанын көрсетеді. Алынған нәтижелер Қазақ даласын әкімшілік біріздендіру үдерістері туралы қазіргі ғылыми түсініктерді кеңейтіп, XIX ғасырдың соңындағы империялық билік институттарының қызмет ету ерекшеліктерін нақтылауға мүмкіндік береді.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Майсара Бекмагамбетова

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
©2026 Автор (лар). Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution NonCommercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған.

