Павлодардың Ертіс өңіріндегі травматикалық естелік орындарына тарихи-мәдени талдау

Павлодардың Ертіс өңіріндегі травматикалық естелік орындарына тарихи-мәдени талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026ejh-1/182-193

Кілт сөздер:

Павлодар-Ертіс өңірі, мемориалдар, киелі ету үрдісі, тарихи-мәдени талдау, травматикалық естелік орындар, саяси репрессиялар, аштық, депортация, ұлттық бірегейлік, тарихи әділеттілік.

Аңдатпа

Мақалада Павлодардың Ертіс өңіріндегі травматикалық жад орындары өңірдің мәдени мұрасының маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі саяси қуғын-сүргін, ашаршылық, депортациялар және олармен тығыз байланысты әлеуметтік үдерістерді қоса алғанда, тарихтың күрделі әрі трагедиялық беттерін ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру контексінде ғылыми тұрғыда пайымдау қажеттілігімен айқындалады. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты Павлодардың Ертіс өңіріндегі негізгі травматикалық жад орындарын анықтау мен талдау, сондай-ақ олардың қазіргі қоғамдағы тарихи жадты сақтау және ұрпаққа жеткізудегі рөлін айқындау. Зерттеу нәтижелері өңірдегі травматикалық жад орындарының тек ресми түрде рәсімделген ескерткіштермен ғана шектелмейтінін көрсетеді. Олар ауызша дәстүрлерде, жергілікті тәжірибелерде және кеңістікті киелендірудің түрлі формаларында орныққан символдық жад локустары ретінде де көрініс табады. Бұл орындардың жергілікті тұрғындар санасында ұжымдық тәжірибенің маңызды
маркерлері ретінде қабылданып, өткенді ұғынуға, қоғамдық келісім мен ортақ құндылықтарды қалыптастыруға, әсіресе жастар ортасында, ықпал ететіні анықталды. Қорытындылай келе, Павлодардың Ертіс өңіріндегі травматикалық жад орындарын зерттеу және сақтау тарихи сананы нығайтуға, ұлттық бірегейлікті орнықтыруға және мәдени жадтың сабақтастығын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатыны тұжырымдалды. Зерттеу нәтижелерін ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінде, сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға арналған бағдарламаларды әзірлеуде қолдануға болады.

Жарияланды

2026-03-31

How to Cite

Рахимов, М., Шаяхмет, Н., & Рахимова, Г. (2026). Павлодардың Ертіс өңіріндегі травматикалық естелік орындарына тарихи-мәдени талдау. Eurasian Journal of History, 12131(1), 182–193. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026ejh-1/182-193

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ
Loading...