«Зубдат әл-Фикра» еңбегі 1250 жылдардағы Хулагу Елханның өмірін зерттеудің дереккөзі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/203-215Кілт сөздер:
«Зубдат әл-фикра», Хулагу елхан, Елхан мемлекеті, Жошы ұлысы, Мәмлүк Египеті, Рум сұлтанаты, Байбарс ад-Дауадар, XIII ғасыр деректері, араб дереккөздері, деректану, Бағдаттың алынуы, Аббас әулеті, халықаралық қатынастарАңдатпа
«Зубдат әл-фикра» — XIII ғасырдың екінші жартысындағы Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы саяси оқиғаларды сипаттайтын маңызды шығыстық дереккөздердің бірі. Бұл еңбек Елхан мемлекеті, Мәмлүк Египеті, Рум сұлтанаты мен Жошы ұлысының өзара саяси және әскери қатынастар мен мәдени байланыстарын кешенді түрде зерделеуге мүмкіндік береді. Аталған дереккөздердің ерекшелігі оқиғалардың хронологиялық тұрғыдан жүйелі берілуі және авторлық түсіндірменің болуында, соның нәтижесінде ол ХІІІ ғасыр тарихын зерттеуде сенімді әрі мазмұндық тұрғыдан бай дереккөз ретінде қарастырылады. Ғылыми мақалада дереккөзде қамтылған 1250 жылдардағы Хулагу ханның өмірі мен саяси қызметіне қатысты мәліметтер жүйелі түрде талданған. Атап айтқанда, Хулагу ханның билікке келуі, мемлекет құрудағы стратегиялық бағыттары, әскери жорықтарының географиясы мен тактикалық ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Сондай-ақ оның Жошы ұлысы, Мәмлүк Египеті және Рум сұлтанатымен саяси және әскери байланыстарының сипаты мен ерекшеліктері зерделенген. Зерттеу барысында дерек мәтініндегі саяси оқиғалардың баяндалу ерекшеліктері мен автордың ұстанымының ықпалы ескеріле отырып, тарихи мәтіндердің интерпретациялық қырлары айқындалды. «Зубдат әл-фикра» мәтініндегі деректер басқа дереккөздермен салыстырмалы түрде талданып, олардың мазмұндық ерекшеліктері мен деректік құндылығы айқындалды. Бұл салыстыру дерек мәліметтерінің шынайылық деңгейін және өзара айырмашылықтарын нақтылауға мүмкіндік берді. Әсіресе, Бағдатты алу оқиғасы, Аббас әулетінің билігінің аяқталуы және Елхан мемлекетінің қалыптасу кезеңіне қатысты мәліметтер талданды. Зерттеу аясында «Зубдат әл-фикрадағы» ғылыми айналымға енгізілмеген деректерге ғылыми талдау жасалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы «Зубдат әл-фикра» еңбегіндегі бұрын жеткілікті түрде зерттелмеген деректерді ғылыми айналымға енгізу және Хулагу дәуірінің саяси тарихын деректанулық тұрғыда жүйелі қайта пайымдау. Зерттеу барысында аталған дереккөздегі мәліметтер алғаш рет қазақ тіліне аударылып, олардың мазмұндық, хронологиялық және интерпретациялық ерекшеліктері анықталды. Зерттеу нәтижелері Хулагу ханның саяси қызметіне қатысты мәліметтердің хронологиялық дәлдігін нақтылауға және оның Жошы ұлысы, Мәмлүк Египеті және Рум сұлтанатымен қарым-қатынасының сипатын жаңаша көзқарас негізінде ғылыми пайымдауға мүмкіндік берді. Алынған нәтижелер ХІІІ ғасырдағы жорықтар мен шапқыншылықтардың аймақтық саяси құрылымдарға ықпалын нақтылауға, саяси үдерістерді қайта қарауға және халықаралық
қатынастар жүйесіндегі өзгерістерді тереңірек түсіндіруге негіз болады. Сол арқылы Елхан мемлекетінің халықаралық қатынастар жүйесіндегі және ислам әлеміндегі орны мен рөлін түсінуге болады.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Eurasian Journal of History

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution Non-Commercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған. Аталған лицензия түпнұсқа жұмысқа тиісті түрде сілтеме жасалған жағдайда, коммерциялық емес мақсатта кез келген форматта қайта пайдалануға, таратуға және көшіруге рұқсат береді. Сілтеме жасау үшін DOI пайдаланыңыз. Коммерциялық тұрғыда пайдалану үшін history.journal.kbu@gmail.com электронды поштаға хабарласыңыз

