Шыңғыс қаған шежіресі: тарихи төл дереккөз мәселесіне
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/71-82Кілт сөздер:
«Құпия шежіре», Шыңғыс қаған, түркілер, моңғол, тайпа, нируун, шежіре, деректанулық талдау, тарихнама, көшпелі қоғамАңдатпа
Мақала тарихта есімі кеңінен танылған Шыңғыс қағанның тұлғасына қатысты ғылыми әдебиеттер мен деректер негізінде оның тарихи рөлі мен бейнесіне байланысты мәселелерді талдау жасауға арналған. Ортағасырлық тарихи дереккөз — ғылымда шартты түрде «Моңғолдың құпия шежіресі» деп аталып жүрген туындының жазылуы мен зерттелуі туралы тұжырымдар жасауға бағытталады. Туындының ғылыми айналымға ену үдерісі, сондай-ақ әр кезеңдегі түрлі тілдерге аударылу ерекшеліктері мен аударма нұсқаларының ғылыми құндылығы қарастырылған. Авторлар Кеңестер Одағы кезеңіндегі Б.И. Панкратов, С.А. Козин және Б.Я. Владимирцов сынды ғалымдардың еңбектері мәтінінің тілдік, тарихи және құрылымдық ерекшеліктерін кешенді түрде зерттеу, ғылыми аудармалар мен түсіндірмелер жасау арқылы кеңестік моңғолтану мектебінің қалыптасуына негіз болғандығына талдау жасаған. Еуразия кеңістігінде ХІІІ–ХІV ғасырларда көшпенділік өмір салтын ұстанған, төрт түлік мал өсірумен және жылқы шаруашылығымен айналысқан түркі-моңғол ру-тайпаларының тұрмыс-тіршілігі мен тарихи болмысы жекелеген сюжеттік үзінділер арқылы сипатталады. Сол далалық ортада Шыңғыс қағанның дүниеге келуі, шығу тегі, өмір жолы мен төре әулетінің саяси тұрғыдан қалыптасу үдерісін баяндайтын бұл тарихи дереккөз тарихи шындықты тануға қызмет ететін маңызды материал ретінде қарастырылады. Шыңғыс қаған әулетінің арғы тегі мен ұрпақ жалғастығы жүйелі түрде сараланып, олардың арасындағы туыстық қатынастар құрылымдық негізде баяндалады. Мақаланың әдістемелік бөлімінде «Моңғолдың құпия шежіресінде» бейнеленген Шыңғыс қағанның «нұрдан жаратылған» ата-бабаларына қатысты деректер талданған. Сонымен қатар аталған туындының мазмұны Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-тауарих», Әбілғазы Баһадүр ханның «Түрік шежіресі» тарихи шығармаларымен салыстырылып, ортақ сюжеттер мен тарихи мотивтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталған. Түркі халықтарының шежірелік дәстүрі негізінде
қалыптасқан бұл мәдени-тарихи мұралар халықтың ұжымдық тарихи жадын сақтауда және жекелеген тарихи тұлғаларға қатысты деректерді жүйелеуде маңызды рөл атқарады. Тарихи сюжеттер Шыңғыс қаған дәуіріндегі қоғамдық қатынастарды, билік құрылымын және рухани дүниетанымды түсінуге негіз болады. Зерттеу барысында дереккөздердің өзара байланысы, тарихи шындықты бейнелеу ерекшеліктері және авторлық ұстаным мәселелері ғылыми тұрғыдан қарастырылды. Салыстырмалы талдау авторларға бұл дереккөздің ғылыми құндылығы мен танымдық маңызының айрықша екенін айқындауға, оны тарихи деректерді сараптауда маңызды теориялық-әдіснамалық негіз ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Eurasian Journal of History

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution Non-Commercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған. Аталған лицензия түпнұсқа жұмысқа тиісті түрде сілтеме жасалған жағдайда, коммерциялық емес мақсатта кез келген форматта қайта пайдалануға, таратуға және көшіруге рұқсат береді. Сілтеме жасау үшін DOI пайдаланыңыз. Коммерциялық тұрғыда пайдалану үшін history.journal.kbu@gmail.com электронды поштаға хабарласыңыз

