Жариялау этикасы
«Eurasian Journal of History» журналының редакторлары ұсынылған мақалалардың жариялануға тиісті екендігі туралы шешім қабылдауға жауапты. Ұсынылған қолжазбаларды бағалау кезінде редакторлар тек олардың ғылыми-интеллектуалдық мазмұнын ғана негізге алуы тиіс. Редакторлар жала жабу, авторлық құқықты бұзу және плагиатқа қатысты заңнамалық талаптарды бұзатын материалдарды қабылдамайды. Редакторлар ұсынылған қолжазбаның жарияланғанға дейінгі құпиялылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Журналдың жариялау саясаты келесі қағидаларға негізделеді: қолжазбаны жариялау үшін іріктеу кезінде объективтілік пен бейтараптықты сақтау; ғылыми мақаланың сапасына жоғары талап қою; мақалаларды жариялау туралы шешім қабылдауда алқалық қағиданы ұстану; авторлармен байланыста ашықтық пен жеделдікті қамтамасыз ету; авторлық және сабақтас құқықтарды қатаң сақтау; журналдың уақтылы шығуын қадағалау. .
РЕДАКТОРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Жариялау туралы шешім: журнал редакторы журналға ұсынылған мақалалардың қайсысы жариялануы тиіс екендігі туралы шешім қабылдауға жауапты. Мұндай шешімдер қарастырылып отырған қолжазбаның ғылыми нәтижелерінің сенімділігі мен оның зерттеушілер мен оқырмандар үшін маңыздылығын ескере отырып қабылдануы тиіс. Редактор журналдың редакциялық алқасының саясатын басшылыққа алады және жала жабу, авторлық құқықты бұзу және плагиатқа қатысты қолданыстағы құқықтық нормалармен шектелуі мүмкін.
Әділдік: редактор қолжазбаларды авторлардың нәсіліне, жынысына, жыныстық бағытына, діни сеніміне, этникалық шығу тегіне, азаматтығына немесе саяси көзқарасына қарамастан, тек олардың ғылыми-интеллектуалдық мазмұнына сүйене отырып бағалауы тиіс.
АВТОРЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Қолжазбаның авторы жүргізілген зерттеу жұмысының нақты сипаттамасын және оның маңыздылығы туралы объективті талқылауды ұсынуы тиіс. Бастапқы деректер мақалада дұрыс көрсетілуі қажет. Мақалада жеткілікті толық ақпарат пен сілтемелер болуы тиіс. Жалған немесе әдейі жалған мәлімдемелер этикалық әрекетке жатпайды және оған жол берілмейді.
Түпнұсқалық және плагиат: авторлар өз жұмыстарының толықтай түпнұсқа екенін кепілдендіруі тиіс, ал егер басқа авторлардың жұмыстары немесе сөздері пайдаланылған болса, олар тиісті түрде көрсетілуі немесе оларға сілтеме берілуі қажет. Плагиат әртүрлі түрде көрінуі мүмкін: басқа адамның жұмысын өз жұмысы ретінде жариялау, басқа еңбектің маңызды бөліктерін көшіру немесе қайта жазу (дереккөзді көрсетпей, сілтеме жасамай), сондай-ақ басқа зерттеушілер жүргізген зерттеу нәтижелерін өзіне меншіктеу. Плагиаттың кез келген түрі баспа қызметіндегі этикалық емес әрекет болып табылады.
Автор, әдетте, бір зерттеуді сипаттайтын қолжазбаны бірнеше журналда немесе негізгі басылымда бір уақытта жарияламауы тиіс. Бір қолжазбаны бірнеше журналға бір мезгілде ұсыну этикаға жатпайды және оған жол берілмейді. Сондай-ақ автор бұрын жарияланған мақаланы басқа журналға қарауға ұсынбауы тиіс.
Мақала авторлығы: авторлық тек ұсынылған қолжазбаның тұжырымдамасын әзірлеуге, дизайнын жасауға, зерттеуді жүргізуге немесе оның нәтижелерін түсіндіруге елеулі үлес қосқан тұлғалармен шектелуі тиіс. Елеулі үлес қосқан барлық авторлар бірлескен авторлар ретінде көрсетілуі қажет. Жауапты автор мақалада барлық тиісті бірлескен авторлардың көрсетілгеніне және қатысы жоқ тұлғалардың енгізілмегеніне, сондай-ақ барлық бірлескен авторлардың мақаланың соңғы нұсқасымен танысып, оны мақұлдағанына және жариялауға ұсынуға келісім бергеніне көз жеткізуі тиіс.
РЕЦЕНЗЕНТТЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ
Рецензиялау үдерісі редакторға және редакциялық алқаға шешім қабылдауға, сонымен қоса мақала авторына өз қолжазбасын жетілдіруіне ықпал етеді.
Жылдамдық: рецензент ретінде таңдалған кез келген адам, егер қолжазбаны рецензиялау үшін өзін жеткілікті құзыретті емес деп санаса немесе рецензияны уақтылы жүргізу мүмкін емес екенін білсе, редакторды хабардар етіп, рецензиялаудан бас тартуы тиіс.
Құпиялылық: рецензиялау үшін алынған барлық қолжазбалар құпия құжаттар ретінде қарастырылуы және редактордың рұқсатынсыз олар басқа тұлғаларға жарияланбауы немесе талқыланбауы керек.
Объективтілік стандарттары: рецензиялау объективті түрде жүргізілуі тиіс. Авторды жеке сынға алуға жол берілмейді. Рецензенттер өз пікірлерін нақты әрі дәлелдермен негіздеп көрсетуі керек.
Ақпаратты жарияламау және мүдделер қақтығысы: рецензиялау барысында алынған құпия ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы тиіс және жеке мақсатта пайдаланылмауы керек. Рецензенттер авторлармен, компаниялармен немесе осы жұмыстарға қатысты мекемелермен бәсекелестік, бірлескен жұмыс немесе басқа да байланыстар нәтижесінде мүдделер қақтығысы бар болса, мұндай қолжазбаларды қарастырмауы тиіс
БАСПАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Ғылым саласындағы құқық бұзушылық, алаяқтық жариялау немесе плагиат күдігі туындаған немесе дәлелденген жағдайларда баспагер мен редакторлар бірлесіп, жағдайды анықтау және қарастырылып отырған мақалаға өзгерістер енгізу үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды. Бұл шаралар шұғыл түрде түзелген мақаланы жариялау немесе ең күрделі жағдайларда мақаланы толық кері қайтарып алуды қамтиды. Баспагер мен редакторлар өзара бірлесе отырып, ғылыми мақаладағы этикалық нормалардың бұзылуы орын алған мақалалардың жариялануын анықтау және алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді және ешбір жағдайда мұндай құқық бұзушылықтарды қолдамайды әрі оған саналы түрде жол бермейді.
Журналдың мазмұнына қолжетімділік: баспагер өзіндік цифрлік архивті қолдай отырып, ғылыми мақалалардың сақталуын және оған деген күнделікті қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылады.
