-
Views: 1840
-
Views: 97
-
Views: 95
-
Views: 73
-
Views: 71
Плагиаттың алдын алу және қолжазбалардың түпнұсқалығын тексеру саясаты
«Eurasian Journal of History» журналы ғылыми адалдық қағидаттарын сақтауға және плагиаттың кез келген түріне жол бермеуге ерекше мән береді. Журналға ұсынылатын қолжазба автордың түпнұсқа ғылыми еңбегі болуы және бұрын басқа басылымда жарияланбауы тиіс.
Авторлар өзге зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарын, идеяларын, мәтіндерін, деректерін, кестелері мен иллюстрацияларын пайдаланған жағдайда бастапқы дереккөздерді міндетті түрде көрсетуге тиіс. Басқа автордың мәтінін, ғылыми идеясын немесе зерттеу нәтижесін тиісті сілтемесіз пайдалану, сондай-ақ өзге автордың мәтінін аздаған өзгерістермен өз атынан ұсыну плагиат болып есептеледі.
Автордың өзінің бұрын жарияланған еңбектерінен алынған көлемді мәтін бөліктерін бастапқы жарияланымға тиісті сілтеме жасамай қайта пайдалануы өзіндік плагиат ретінде қарастырылады. Бұрын жарияланған мақаланы немесе оның елеулі бөлігін жаңа ғылыми еңбек ретінде қайта ұсынуға жол берілмейді.
Журналға келіп түскен барлық қолжазбалар рецензиялауға жіберілгенге дейін «Антиплагиат» мәтіннің түпнұсқалығын және мәтіндік ұқсастықтарды анықтау жүйесі арқылы тексеріледі.
Қолжазба мәтінінің түпнұсқалық көрсеткіші кемінде 80% болуы тиіс. Алайда белгіленген көрсеткішке қол жеткізу қолжазбаның жариялауға қабылдануына өздігінен кепілдік бермейді. Редакция түпнұсқалықтың жалпы пайыздық көрсеткішін ғана емес, анықталған ұқсастықтардың сипатын, көлемін, дереккөздерін және мәнмәтінін де бағалайды.
Белгіленген ең төменгі түпнұсқалық көрсеткішіне сәйкес келмейтін қолжазба авторға қайта өңдеуге қайтарылуы немесе қабылданбауы мүмкін. Қайта өңделген қолжазба «антиплагиат» жүйесі арқылы қайта тексеріледі.
Дұрыс рәсімделген дәйексөздер, әдебиеттер тізімі, нормативтік құқықтық актілердің атаулары, архив қорлары мен құжаттарының деректемелері, ұйымдардың ресми атаулары, тарихи құжаттардың мәтіндері, сондай-ақ ғылымда кеңінен қолданылатын тұрақты ұғымдар мен сөз тіркестері жеке бағаланады.
Редакция академиялық адалдықтың келесілерге ерекше назар аударады:
- өзге автордың мәтінін, идеясын немесе ғылыми нәтижесін дереккөзге сілтеме жасамай пайдалану;
- басқа автордың мәтініндегі сөздерді немесе сөйлем құрылымын ішінара өзгертіп, оны өз атынан ұсыну;
- өзінің бұрын жарияланған еңбектеріндегі көлемді мәтін бөліктерін бастапқы дереккөзге сілтеме жасамай қайта пайдалану;
- бір қолжазбаны бір мезгілде бірнеше ғылыми журналға ұсыну;
- бұрын жарияланған еңбекті немесе оның елеулі бөлігін жаңа мақала ретінде қайта ұсыну;
- дереккөздерді, дәйексөздерді, архив құжаттарын немесе зерттеу деректерін ойдан құрастыру;
- пайдаланылған дереккөздер, архив материалдары немесе дәйексөздер туралы жалған не бұрмаланған мәлімет беру;
- өзге тұлғаның ғылыми нәтижелерін немесе авторлық материалдарын заңсыз иемдену.
Егер қолжазбадан елеулі немесе негізсіз мәтіндік ұқсастықтар анықталса, редакция автордан жазбаша түсініктеме беруді немесе қолжазбаны қайта өңдеуді талап етуге құқылы.
Плагиат немесе жарияланым этикасының сақталмауы расталған жағдайда қолжазба қабылданбайды. Қажет болған жағдайда редакция анықталған сәйкессіздіктер туралы автор жұмыс істейтін немесе білім алатын ұйымға хабарлауға құқылы.
Егер плагиат мақала жарияланғаннан кейін анықталса, редакция тиісті тексеру жүргізіп, авторға түсініктеме беруге мүмкіндік береді. Тексеру қорытындысына қарай журнал мақалаға түзету енгізуі, жарияланымға қатысты күмән туралы редакциялық хабарлама жариялауы немесе мақаланы кері қайтарып алуы мүмкін.
Плагиатқа қатысты барлық жағдайлар объективті және құпия түрде қарастырылады. Мұндай мәселелерді шешу кезінде редакция ғылыми жарияланымдар этикасының жалпыға танылған қағидаттарын және Committee on Publication Ethics (COPE) ұсынымдарын басшылыққа алады.
