-
Views: 1840
-
Views: 97
-
Views: 95
-
Views: 73
-
Views: 71
Ашық қолжетімділік саясаты
«Eurasian Journal of History» журналы – халықаралық, рецензияланатын, ашық қолжетімді ғылыми журнал. Журналдың барлық сандары мен жеке мақалалары еркін қолжетімді және журналдың ресми сайтында тұрақты түрде орналастырылады. Барлық мақалалар жарияланғаннан кейін бірден, ешқандай эмбаргосыз қолжетімді болады.
Лицензиялау шарты: журналда жарияланған барлық мақалалар Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License (CC BY-NC 4.0) лицензиясы шарттары бойынша таратылады. Бұл лицензия пайдаланушыларға авторларды, жарияланым дереккөзін және лицензияны міндетті түрде дұрыс көрсеткен жағдайда материалдарды коммерциялық емес мақсатта оқуға, жүктеп алуға, көшіруге, басып шығаруға, таратуға, бейімдеуге, өңдеуге және пайдалануға рұқсат береді. Жарияланған материалдарды коммерциялық мақсатта пайдалану құқық иесінің қосымша рұқсатынсыз жүзеге асырылмайды. Лицензияның толық мәтіні мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/
Пайдаланушының құқығы: Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License (CC BY-NC 4.0) лицензиясына сәйкес пайдаланушылар мақалаларды тегін оқуға, жүктеп алуға, көшіруге және басып шығаруға; материалдарды кез келген форматта коммерциялық емес мақсатта таратуға; материалдарды коммерциялық емес мақсатта бейімдеуге, өңдеуге және пайдалануға құқылы. Материалдарды кез келген түрде пайдаланған кезде авторларды, мақала атауын, журналды, жарияланым дереккөзін және лицензияны дұрыс көрсету міндетті.
Автордың құқығы: авторлар жарияланған мақалаларға авторлық құқықтарын сақтайды және «Eurasian Journal of History» журналына алғашқы жариялау құқығын береді. Жарияланған материалдар Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License (CC BY-NC 4.0) лицензия шарттары бойынша лицензияланады. Бұл басқа пайдаланушыларға авторлықты, бастапқы жарияланым дереккөзін және лицензияны міндетті түрде көрсеткен жағдайда материалдарды коммерциялық емес мақсатта оқуға, жүктеп алуға, көшіруге, таратуға, бейімдеуге және пайдалануға мүмкіндік береді.
Ашық қолжетімділік және мақаланы өңдеу үшін төлемақы: «Eurasian Journal of History» журналында жарияланған барлық мақалалар «Gold Open Access» режимінде басылып шығады, яғни, жарияланған мақалалар қандайда бір қаржылай және техникалық шектеулерсіз журналдың веб-сайтында қолжетімді.
Жарияланған мақалаға қолжетімділік тегін болғандықтан, мақаланы ашық қолжетімділік режимінде жариялау шығыны автордың есебінен алынады. Мақала үшін төлемақы рецензиялаудан өткеннен кейін алынады.
Мақаланы өңдеу ақысы:
Жариялау құны 50.000 теңге.
Институционалдық қолдау мен редакциялық саясат негізінде редакциялық алқаның шешімімен немесе халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында төлемінен босату немесе жеңілдіктер ұсынылуы мүмкін.
Архивтеу:
Журнал өз контентінің ұзақ мерзімді цифрлық сақталуын қамтамасыз етеді.
Журнал жарияланған материалдардың ұзақ мерзімді цифрлық сақталуын PKP Preservation Network (PKP PN) жүйесі арқылы қамтамасыз етеді. Мақалалардың толық мәтіндері, метадеректері және жарияланымдарға қатысты электрондық файлдар PKP PN жүйесіне тұрақты түрде жіберіледі.
Журналдың барлық электронды шығарылымдары журналдың ресми сайтындағы «Архив» бөлімінде сақталады, сонымен қатар келесі каталогтарда архивтеледі:
Республикалық университетаралық электрондлы кітапхана
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің репозиторийінде
