«Eurasian Journal of History»(EJH) журналы 1996 жылдан бастап басып шығарылған «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Филосфия сериясы» журналының `(ISSN 2518-7236 (print), ISSN 2663-5100 (online)) құқықтық мұрагері болып табылады. 2026 жылдан бастап журнал редакциялық алқаны, тақырыптық бағытты және жасырын екі рецензиядан өткізу рәсімін сақтап, атауын өзгертті және жаңа баспа платформасына ауыстырылды. Бұрын басып шығарылған басылымдарға журналдың архивінде қолжетімді.
«Eurasian Journal of History» журналы — бұл тарих саласы бойынша зерттеу нәтижелерін жариялауға арналған және рецензияланатын, халықаралық, ашық қолжетімді ғылыми журнал. Журнал авторлардың толық ғылыми мақалалары мен рецензияларын жариялайды.
ISSN: 3134-9102 (print), 3134-9110 (online).
«Eurasian Journal of History» журналының алаңы әлем елдерінің авторлары мен оқырмандарына ашық. Қолжазбалар жыл бойы тарих ғылымының негізгі бағыттары, соның ішінде Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, археология және этнология, тарихи антропология, тарихи өлкетану және мұражайтану, халықаралық қатынастардың тарихы, тарихнама және деректану т.б. бағыттары бойынша қабылданады.
«Eurasian Journal of History» жарнамаларды жарияламайды. Журнал өзінің иеленушісі тарапынан және мақаланы өңдеу ақысының (МӨА) есесіне қаржыландырылады, бұл айқындықты және редакциялық еркіндікті қамтамасыз етеді.
Барлық келіп түскен мақалалардың тақырыптық бағытын және авторларға арналған ережеге, дәйектілік пен жаңалық стандарттарына, жалпы сапа мен жариялау этикасына сәйкестігін редакциялық алқа бағалайды. Авторларға арналған ұсынымға (талаптарға) сәйкес келмейтін мақалалар рецензиялаусыз кері қайтарылады. Журналдың бас редакторы редакциялық алқа мүшелерімен бірге мақаланы рецензиялау, қолжазбадан бастарту немесе рецензиялауға дейін қандайда бір өзгерістер енгізуді сұрату жөнінде шешім қабылдай алады. Қойылған талаптарға сәйкес келетін қолжазбалар жасырын рецензиядан өту үшін екі тәуелсіз рецензентке (сарапшыға) жіберіледі.
Рецензиядан сәтті өткен мақалалар жарияланады және Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) ашық лицензия шартына сәйкес ашық қолжетімділік режимі (Gold Open Access) арқылы таратылады. Бұл лицензия авторын және дереккөзін міндетті түрде көрсету шартымен қолжазбаларды еркін пайдалануға, таратуға және көрсетуге рұқсат береді. Авторлар өз еңбектеріне авторлық құқықтарын сақтай отырып, журналға алғашқы жариялау құқығын береді.
Журналдың құрылтайшысы және баспагері: «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ, Қарағанды, Қазақстан.
Баспа тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.
Кезеңділігі: тоқсан сайын (жылына 4 рет).
Журнал келесі жүйелерде индекстеледі:
Crossref (журналдың әрбір мақаласына объектінің цифрлық идентификаторы - DOI беріледі);
ҚазИНЦ (қазақстандық ғылыми басылымдардағы жарияланымдардың реферативтік деректер қоры);
РҒДИ (Ресей ғылыми дәйексөздер индексі);
Академия Google (Google Scholar).
Eurasian Journal of History («Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» ҚР ҒЖБ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұсынған журналдар тізіміне кіреді. Бұйрық №1735, 27 желтоқсан 2012 ж.; Бұйрық №265, 18 наурыз 2021 ж.).
2026 жылға дейінгі журнал басылымдарының архивін ескі сайттан таба аласыз https://history-philosophy-vestnik.buketov.edu.kz/history-philosophy-vestnik/issue/archive

