Авторларға арналған ережелер

Қолжазбаны техникалық жағынан рәсімдеу және оның сапасы бойынша жұмыс жасау OGS платформасы арқылы жүзеге асырылады. Автор, журналдың алқасы (жауапты хатшысы) және рецензент жеке кабинетте жұмыс жасау арқылы бір-бірімен байланысқа шығады.

Жеке кабинетте жұмыс жасау. Егер мақала аталған талаптарға сәйкес келмесе, кері қайтарылады. Кері қайтарудың себептері міндетті түрде жазылады және бұл автордың жеке кабинетіне келіп түседі. Сондықтан, авторлар өздерінің жеке кабинетінен мақаланың мәртебесін («қарауда», «кері қайтарылды», «рецензиялауда», «қайта өңдеуге жіберілді») бақылап отыруы қажет. Егер, мақала техникалық рәсімделуге байланысты немесе рецензенттің шешімімен кері қайтарылса, автор кемшіліктер мен ескертулерді, ұсыныстарды түзетіп, журналдың сайтына қайта жүктеуге құқылы.

Автор, мақаланы журналдың сайтына жіберер алдында қойылатын талаптарға сәйкес рәсімдеуі қажет. Егер мақала техникалық жағынан, соның ішінде сілтемелері, мақаланың жиегі, әдебиеттер тізімі және транслитерациясы талапқа сай рәсімделмесе редакциялық алқа  мақаланы кері қайтаруға құқылы.

Материалдың сапасы. Келіп түскен мақала техникалық жағынан, соның ішінде жиегі, сілтемелері, әдебиеттер тізімі мен транслитерациясы дұрыс рәсімделген болса, мақала антиплагиат желісінен тексерістен өтеді, соңынан рецензентке жіберіледі.

Мақаланың көлемі (әдебиетер тізімін қосқанда) компьютерде басылып (редактор MicrosoftWord), 23 беттен аспауы қажет, мақаланың минималды көлемі 7-8 бет.

Мақаланың жиегі: үстіңгі және төмеңгі жағы — 25 мм, сол және оң жағы — 20 мм; шрифт — TimesNewRoman, көлемі — 11 пт; жоларалық интервал — біреу; ені бойынша торлау; абзац — 0,8 см.

Мақала мәтініндегі сілтемелерді рәсімдеу: мәтіндегі әдебиетке бірінші сілтеме [1] нөмірге, одан әрі [2], [3] нөмірге сәйкес келуі қажет. Әдебиетке сілтеме жасау барысында сол әдебиеттің «Әдебиеттер тізіміндегі» реттік саны және сілтеме жасалатын беттің саны (нүкте үтір арқылы) қойылады. Мысалы, [1; 325].

Мақала келесі бөлімдерді қамтуы тиіс:

Атауы: жеке қатарда беріледі, сол жағында ӘОЖ қойылады. Осымен бірге, автор жөніндегі мәліметтер (аты-жөні, мекеме немесе ұйым атауы, қала, мемлекет, барлық авторлардың e-mail адресі) беріледі.

Аңдатпа: аңдатпаның міндетті құрамдас бөліктерін: ақпараттылығын (300-350 сөз); дәйектілігін (мақаланың жаңалығы беріледі), (ескертпе: аңдатпаның мәтінінде мақаланың қандайда бір фрагментін және тақырыптың атауын қайталамау керек); мазмұндылығын (мақаланың негізгі мазмұны және зерттеу нәтижелері), (ескертпе: аңдатпаның мазмұнында жалпылама фразаларды, сонымен қоса маңызы жоқ мәліметтерді және жалпыға танымал ережелерді қосудың қажеті жоқ); құрылымын; қорытындысын ескеру қажет. Аңдатпа ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде беріледі.

Кілт сөздер: мақалада қолданылған 10-нан кем емес түсініктер мен қысқа сөз тіркесінен құралады. Кілтсөздер ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Мақаланың жазылған тіліндегі аңдатпасы мен кілт сөздері негізгі мәтіннің жоғарғы жағында беріледі. Басқа тілдегі аңдатпа мен кілт сөздер мақаланың соңындағы әдебиеттер тізімінен соң беріледі.

Ғылыми мақаланың ішкі құрылымы (мақалада әрбір құрылымдық бөлімді бөліп көрсету керек):

Кіріспе (зерттеу тақырыбының өзектілігі; зерттеу мақсаты, міндеттері; мәселенің қойылуы).

Материалдар және әдістер (мақалада нақты қолданылған материалдарды, деректер базасын (архивтер, құжаттар) сипаттау. Соңынан, қолданылған нақты әдістерді толық сипаттау, кез келген бір әдісті таңдауды негіздеу).

Нәтижелері (авторлық көзқарас пен нәтижелерді сипаттау; қол жеткізген жаңалықтарын сипаттау; нәтижелер зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі қажет; қолданылған идеяны, тұжырымдаманы сипаттау; кестелер, суреттер (егер бар болса).

Талқылау (зерттеу нәтижелерін басқа жұмыстардағы зерттеулермен салыстыру;  айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттау; нәтижелерге түсіндірме беру; нәтижелерге баға беру; қол жеткізген нәтижелерді түсіндіру үшін ғылыми тұжырымдаманы анықтау; қол жеткізген нәтижелердің дәйектілігіне баға беру).

Қорытынды (талқылау бөлімінде анықталған нәтижелерді жүйелеу; нәтижелерді қысқаша ұсыну.

Алғыс білдіру (қажет болған жағдайда зерттеуді қаржыландыру көзі – гранттар, мемлекеттік бюджет т.б. ақпарат ұсынылады)

Авторлар туралы мәліметтер үш тілде беріледі және келесі ақпараттарды қамтиды: толық аты-жөні; ғылыми атағы, қызметі, ұйым атауы, қала, мемлекет, автордың ORCID-і.   

Loading...