Тарихи перспективадағы Қырғызстандағы білім беру және әлеуметтік өзгерістер (XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы)

Тарихи перспективадағы Қырғызстандағы білім беру және әлеуметтік өзгерістер (XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/105-118

Кілт сөздер:

білім беру, мектеп, медресе, жәдиттік мектептер, орыс-түзем мектептері, қырғыз зиялылары, педагогикалық тәсілдер, Қырғызстан, қырғыз жастары, молда

Аңдатпа

Мақалада XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басындағы қазіргі Қырғызстандағы білім беру мекемелерінің трансформациясы, сонымен бірге олардың Ресей империясының экспансиясы, мәдени өзгерістер және Орталық Азиядағы бәсекелес жаңғырту жобалары аясындағы даму үдерісі қарастырылды. Дәстүрлі исламдық білім беру жүйесінің (мектеп және медресе) Ресейдің отарлық әкімшілігімен және жәдиттік реформаторлық қозғалыспен байланысты жаңа білім беру үлгілерімен өзара ықпалы зерттелді. Мектептер білім беру тәжірибесінің, қоғамдық сананың және мәдени әрі ұлттық бірегейлік туралы түсініктердің өзгеруін жүзеге асырған әрі мәдени құндылықтарды қалыптастырудың және жаңа әлеуметтік топтарды даярлаудың аса маңызды институттары ретінде зерделенді. Мақалада әртүрлі типтегі оқу орындарының институционалдық ерекшеліктері, оқу бағдарламалары мен әлеуметтік функциялары, сондай-ақ олардың ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына қосқан үлесі талданды. Дәстүрлі мұсылмандық оқу орындарында тарихи жады, ауызша әдеби дәстүр және араб графикасын пайдалануға негізделген жазба мәдениет сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілгені жөнінде қорытынды жасалады. Сонымен қатар жәдиттік мектептердің түлектері ұлттық сананың қалыптасуына ықпал еткен білім беру және мәдени реформаторларына айналса, орыс- түзем мектептерінің түлектері әуелі Ресей империясының, соңынан кеңестік мемлекеттің әкімшілік құрылымдары мен жергілікті халық арасындағы дәнекер рөлін атқарғаны анықталды. Жүргізілген талдау қарастырылып отырған кезеңдегі білім беру кеңістігінің жай ғана өтпелі кезең емес, дәстүр мен жаңғырту, жергілікті қоғамдық бастамалар мен империялық білім беру саясаты арасындағы қайшылықтарды бейнелеген әртүрлі білім беру үлгілерінің өзара ықпалдасуының күрделі жүйесі болғанын көрсетеді. Зерттеу қорытындысында сталиндік қуғын-сүргіннің қалыптасып келе жатқан қырғыз зиялылары үшін жойқын салдарына қарамастан, білімді жастардың сауаттылықты таратуда, зайырлы білім беруді дамытуда және ұлттық ағарту жүйесінің қалыптасуында маңызды рөл атқарғаны тұжырымдалды. Олардың өсиет (насыят) әдебиетін және «Әліппе» сияқты бастауыш оқытуға арналған оқулықтарды жасаудағы үлесі Қырғызстандағы білім берудің одан әрі дамуының зияткерлік және институционалдық негіздерінің біріне айналды.

Жарияланды

2026-09-30

How to Cite

Абдыкулова, Р., & Кожобеков, М. (2026). Тарихи перспективадағы Қырғызстандағы білім беру және әлеуметтік өзгерістер (XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы). Eurasian Journal of History, 12331(3), 105–118. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/105-118

Журналдың саны

Бөлім

ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ
Loading...