Шатырбұлақ тұрағының орта неолит кезеңінің шақпақтас кешені (Қазақстан)
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/231-249Кілт сөздер:
археология, тұрақ, тас ғасыры, неолит, артефактілер, типологиялық талдау, технологиялық талдау, біліктік, Атбасар мәдениеті, Солтүстік-Шығыс ҚазақстанАңдатпа
Мақалада Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы Шатырбұлақ тас дәуірі тұрағынан 2024 ж. далалық жұмыстар барысында қазбадан алынған неолиттік кешен материалы ғылыми айналымға енгізілгені қарастырылған. Тұрақ Павлодар облысы Май ауданының аумағында, Жаңа Ақшиман ауылынан солтүстік батысқа қарай 2 км жерде, тұщы көлге құятын аттас бұлақтың сол жағалауында орналасқан. Зерттеудің мақсаты — неолиттің орта кезеңіне жататын бұл көп қабатты тұрақтың тас индустриясын морфологиялық технологиялық және типологиялық талдау. Бұйымның пішіні мен өлшемі, орналасуы, жүйелілігі мен түрлері, сонымен қатар бөлшектену түрлері өзгеріске ұшыраған. 2-қабаттан жалпы 285 тас артефактісі зерттелді. Жалпы алғанда, Шатырбұлақ тұрағында мезолит дәуірінен кейінгі неолит кезеңіне дейін төрт мәдени топ тіркелді, алайда қазба жұмыстары тұрақтың шеткі аймағында жүргізілгендіктен, сонымен бірге көне жер бетінің ылди болуы мен кебу нәтижесінде пайда болған терең жарықтар арқылы артефактілердің бір бөлігінің араласуына байланысты мәдени топтардағы олжалардың таралуын айқындау күрделене түсті. Осыған байланысты шикізаттық белгі негізгі жіктеу критерийі ретінде қабылданды. Мақалада берілген 2-қабат басқаларының қасында ең көрнекті және толық. Онда ошақтар мен бағана шұңқырлары тіркелді. Шатырбұлақ тұрағының басқа кешендерінде артефактілердің саны әлдеқайда аз, олардың интерпретациясы үшін зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажет. Осылайша, жинақта орташа мен ұсақ жаңқа, өңделген жаңқалар және олардың бөліктері мен жаңқалардан жасалған құралдар (қырғыштар) үлесі тең десе болады, ал тілікшелер мен олардан жасалған құралдар саны азырақ. Тілікшелер сығу техникасымен жарықшақтанған, жаңқалар да негізінен жұмсақ соққыш арқылы және сығу бойынша алынған (дебитаж). Тілікше және жаңқа дайындамалары арасында олардың бөлшектенуі жоғары. Бастапқы жарықшақтау өнімдерінің табылмауы шикізатты сырттан нуклеус дайындамасы ретінде алып келді деген қорытындыға әкелді. Кешен құрамының Павлодар облысындағы 3 Шідерті тұрағы, Есіл маңының Явленка және Тельман археологиялық шағын ауданы, сондай-ақ Торғай ойысындағы 2-Соленое Озеро және 24 Екідін тұрақтарының материалдарымен ұқсастықтары бар. Және кешенді типологиялық талдау барысында орта неолит кезеңіне (б.з.д. VI–V мыңжылдықтар) жататын кешендермен ұқсастықтар анықталды. Біздің ойымызша, сұр және қызғылт шақпақтаста жасалған артефактілер Атбасар мәдени ареалы ескерткіштерінің тас индустриясымен типологиялық жағынан жақын келеді. Осылайша Шатырбұлақ тұрағының материалы Атбасар қауымының қоныстану территориясын Солтүстік Шығыс Сарыарқаға дейін кеңейтеді.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Saule Rakhimzhanova

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
©2026 Автор (лар). Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution NonCommercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған.

