Қытай архив деректеріндегі Дәулетбай батыр: тарихи тұлғасы мен қызметі
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/177-190Кілт сөздер:
Қазақ хандығы, батырлар институты, қазақ батырлары, архив деректері, Дәулетбай Сатыұлы, Қытай архивтерінде хатталуы, тарихи маңызы, Қазақ-Цин қарым-қатынасы, Тарбағатай, шекаралық қауіпсіздікАңдатпа
Жоңғарлар жойылғаннан кейін, шығыс өңірін мекендеген қазақ ру-тайпалары өз ата қоныстарына қайта оралды. 1757 жылы (қазақ жазбаларында үнемі «сиыр жылы» делінген) Қазақ хандығы мен Цинь патшалығы ресми саяси-экономикалық қарым-қатынас орнатты. Осыдан кейін екі жақ ара сауда-саттық ісі өркендеп, алғашында Үрімжіде (1758) жылқы саудаласа, соңынан Іле (1761) мен Тарбағатайдан (1764) сауда жәрмеңкелері ашылып, әсіресе жылқыға жібек саудасы тез дамыды. Осымен бір уақытта саяси қарым-қатынастың салмағы артып, шекара маңында туындаған кейбір мәселелерді екі жақ ара шешуге тура келді. Бұған ел көсемдерімен бірге батырлар мен билер де айырықша атсалысты. Мақалада осы жағына баса мән беріліп, Қазақ хандығы қоғамындағы батырлар институтының тарихи орны мен қоғамдық-саяси рөлі Дәулетбай Сатыұлы мысалында қарастырылады. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында батырлардың әскери ғана емес, саяси, дипломатиялық және әкімшілік қызметтер атқарғаны талданды. Цинь мұрағаттары мен өзге де тарихи деректер негізінде Дәулетбай батырдың Тарбағатай өңіріндегі қазақ ру тайпалары арасындағы беделі, шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, ақпарат алмасудағы және сыртқы саяси байланыстардағы рөлі сараланды. Мақалада архив материалдарының деректанулық сипаты, тарихи жад пен ауыз әдебиеті мәліметтерінің өзара сабақтастығы және қазақ батырларын зерттеудің қазіргі тарихнамадағы маңызы қарастырылды. Сонымен бірге батырлардың руаралық қатынастарды реттеудегі, ел бірлігін нығайтудағы және халықты ортақ мақсатқа жұмылдырудағы қызметі талданды. Дәулетбай Сатыұлының өмірін, ізгі істерін және қоғамдық қызметін зерттеу нәтижесінде батырлардың Қазақ хандығының әскери-саяси тұрақтылығын қамтамасыз еткен, ел бірлігі мен мемлекеттіліктің сақталуына оң ықпал еткен маңызды әлеуметтік-саяси топ болғаны көрсетілді. Зерттеу қазақ қоғамындағы батырлар институтының қызметін тереңірек түсінуге және оның тарихи мұрасын жаңа деректер негізінде бағалауға мүмкіндік береді.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Duisenali Abdilashim

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
©2026 Автор (лар). Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution NonCommercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған.

