Тасшоқы жеріндегі түркі ескерткіштерін далалық зерттеу

Тасшоқы жеріндегі түркі ескерткіштерін далалық зерттеу

Авторлар

  • Әділ Мәкен Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
  • Алексей Кукушкин кадемик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
  • Евгений Дмитриев Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
  • Алексей Тишкин Алтай мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/250-259

Кілт сөздер:

Орталық Қазақстан, ерте орта ғасырлар, түркі ескерткіші, қағанат, тугю түріктері, қорым, қоршаулар, ғұрыптық нысан, мемориалдық кешен, радиокөміртекті анықтау

Аңдатпа

Мақалада Сарыарқа археологиялық институтының экспедициясы жүргізген Тасшоқы жеріндегі (Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) түркі кешендерін далалық зерттеу нәтижелері қарастырылды. Жергілікті жерде барлау жұмыстары жүргізіліп, оның барысында түркі қоршауларының тізбектері, сондай-ақ үйінді біліктері бар екі ескерткіш анықталды. Қазба жұмыстары Танабай қорымындағы екі нысанды қамтыды. Олар ішкі кеңістігі таспен толтырылған төртбұрышты қоршаулар түрінде болды. Олардың ішінен кварц сынықтарының табылуы ерекше назар аудартады. Қазіргі таңда Орталық Қазақстанда осы жарияланып отырған нысандарды қоса алғанда, жалпы саны 45 түркі қоршауы зерттелген, олардың басым бөлігі соңғы екі онжылдықта қарастырылды. Зерттеудің мақсаты — Тасшоқы жеріндегі түркі қоршауларын зерттеу барысында алынған жаңа материалдарды талдау, олардың типологиялық тиістілігін анықтау және Орталық Қазақстанның ерте ортағасырлық ескерткіштерінің хронологиясын нақтылау. Жұмыста салыстырмалы типологиялық әдіс пен радиокөміртектік мерзімдеу әдісі (OxCal v4.4.4 бағдарламасында калибрленген үдеткіш масс- спектрометрия) қолданылды. Типологиялық талдау нәтижесінде зерттелген нысандар ерте кезеңдегі көптақталы қоршауларға жатқызылды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы жаңа далалық материалдарды және Кетабан (2а-ғимарат) мен Талдинский-1 (58-ғимарт) кешендері бойынша екі радиокөміртектік анықтаманы ғылыми айналымға енгізумен айқындалады. Қазіргі уақытта Орталық Қазақстандағы ерте ортағасырлық ескерткіштердің хронологиясын анықтауда біз бұған дейін жарияланған Кетабан (2а-ғимарат) және Талдинский-1 (58-ғимарат) қорымдарында зерттелген екі түркі кешенінің радиокөміртектік талдау нәтижелеріне сүйене аламыз. Олардың жиынтық мерзімі 1 сигма бойынша 556–648 жылдар аралығын қамтиды, бұл Түрік және Батыс Түрік қағанаттарының өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді. Ал төменгі хронологиялық шекарасы аталған аумақтың түркілерге қосылу уақыты (шамамен 555 ж.) туралы деректерді растайды.

Жарияланды

2026-09-30

How to Cite

Мәкен, Ә., Кукушкин, А., Дмитриев, Е., & Тишкин, А. (2026). Тасшоқы жеріндегі түркі ескерткіштерін далалық зерттеу. Eurasian Journal of History, 12331(3), 250–259. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/250-259

Журналдың саны

Бөлім

АРХЕОЛОГИЯ
Loading...