Орталық Қазақстандағы алакөл мәдениетінің жерлеу ескерткіштерін зерттеудің негізгі нәтижелері (келелі мәселелердің қазіргі жағдайына шолу)

Орталық Қазақстандағы алакөл мәдениетінің жерлеу ескерткіштерін зерттеудің негізгі нәтижелері (келелі мәселелердің қазіргі жағдайына шолу)

Авторлар

  • Игорь Кукушкин Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
  • Даниил Ютт Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті
  • Олжас Шохатаев Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/260-272

Кілт сөздер:

Орталық Қазақстан, алакөл мәдениеті, мәденигенез, жерлеу ғұрпы, әскери ақсүйектер, арбалы атрибутика, хронология

Аңдатпа

Мақалада Орталық Қазақстанның алакөл мәдениетінің жерлеу ескерткіштерін зерттеудің қазіргі жағдайы қарастырылды және б.д.д. XIX ғ. ортасынан XVI ғ. ортасына дейін оның қалыптасуы мен дамуы туралы түсініктер жинақталған. Алакөл қоғамының мәдени генезі, кезеңденуі, хронологиясы және әлеуметтік ұйымдасу мәселелеріне басты назар аударылды. Айқын арбалы символикасы бар ерте кешендерден классикалық кезеңнің ескерткіштеріне қарай көшуін бейнелейтін жерлеу сәулетінің, әдет ғұрыптың және ілеспе құрал жабдықтың өзгеруі байқалады. Қорымдардың территориалдық орналасуы және Орталық Қазақстанның қола дәуіріндегі далалық Еуразияның мәдени үдерістер жүйесіндегі орны сипатталады. Авторлар алакөл мәдениеті дамуының келесі үш кезеңінің реттілігін сараптайды, олар: петровтық, нұртайлық және классикалық. Ерте алакөл кешендерінің қалыптасуы сынтасты-петров дәстүрлерін иеленуші халқының қоныстануымен және олардың ерте сруб халқының жекелеген топтарымен өзара әрекеттесуімен байланысты. Жұптасқан жылқылардың жерлеуі, сулықтар және қару жарақ заттарымен ұсынылған арбалы кешеніне баса назар аударылады. Ерте кезеңде мұндай атрибутика арбалы жауынгерлерінің жоғары мәртебесінің маңызды маркері болды және әлеуметтік ұйымдасудың әскери-ақсүйектік сипатын көрсетті. Топырақ асты жерлеу камераларын кейіннен тас жәшіктерге айналдыру, арбалы символикасының қысқаруы мен оба асты жерлеу орындарының жоғалуы қоғамдық құрылымның өзгеруіне және бұрынғы мәртебесі бар әскери ақсүйектердің жойылуына байланысты қарастырылады. Бұл тұрғыда алакөл қоғамындағы түрлі топтардың орны туралы қоғамдық бедел нышандарының және соған байланысты түсініктердің заңдылық алмасуы көрсетілген. Соңғы сатыда нұра-федоров мәдени дәстүрлері ықпалының күшеюі тіркеледі. Авторлар Орталық Қазақстандағы алакөл мәдениетінің дамуы үздіксіз эволюциялық сипатта болды және шамамен үш ғасырға созылды деген қорытындыға келеді. Жерлеу ғұрпы мен материалдық мәдениет қалпының өзгеруі күрт мәдени алшақтықты емес, әлеуметтік институттардың дәйекті трансформациясын көрсетті. Алакөл мәдени кешенінің қалыптасуы көші-қон және интеграциялық үдерістермен анықталды, ал оның тарихи аяғы алакөл халқының ішіндегі нұра-федоров дәстүрлерін иеленушілерінің біртіндеп ассимиляциясымен байланысты болды.

Жарияланды

2026-09-30

How to Cite

Кукушкин, И., Ютт, Д., & Шохатаев, О. (2026). Орталық Қазақстандағы алакөл мәдениетінің жерлеу ескерткіштерін зерттеудің негізгі нәтижелері (келелі мәселелердің қазіргі жағдайына шолу). Eurasian Journal of History, 12331(3), 260–272. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/260-272

Журналдың саны

Бөлім

АРХЕОЛОГИЯ
Loading...