Қазақстандағы ұлттық бірегейлікті тарихи-этнографиялық құндылықтар негізінде нығайту мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/47-58Кілт сөздер:
ұлттық бірегейлік, жаһандану, ұлт, этнос, рухани жаңғыру, мемлекеттік саясат, тіл, азаматтық қоғам, этнограияАңдатпа
Мақалада жаһандану дәуіріндегі ұлттық бірегейліктің өзектілігі, оның Қазақстан үшін маңыздылығы қарастырылады. Авторлар ұлт пен этнос ұғымдарының айырмашылықтарын, қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің тарихи даму жолдарын талдайды. Қазақстанның көпэтносты құрылымы мен ұлт құру процесінің күрделілігіне тоқталады. Сонымен қатар, ұлттық бірегейлікті зерттеудегі теорияларға шолу жасалынады. Мақала ұлттық бірегейліктің адамдардың ортақ сенімдері, символдары және тіршілік ережелері арқылы қалыптасатын динамикалық процесс екенін көрсетеді. Бұл зерттеу ұлттық бірегейлікті нығайтудағы мемлекеттік саясаттың рөлін, оның ішінде тілдік саясат, мәдениетті қолдау және білім беру жүйесінің маңыздылығын ашып көрсетеді. Авторлар ұлттық бірегейліктің тек тарихи және мәдени факторлармен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен де тығыз байланысты екенін атап өтеді. Жаһанданудың ықпалымен туындайтын жаһандық мәдениет пен жергілікті дәстүрлер арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылады. Мақалада ұлттық бірегейліктің қалыптасуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің және жастардың рөлі де қарастырылады. Ұлттық бірегейліктің тұрақты дамуы үшін азаматтық қоғамның белсенділігі мен әртүрлі этностар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністіктің қажеттілігі баса айтылады. Мақала ұлттық бірегейлік пен ұлт құру мәселелеріне кешенді ғылыми талдау жасау арқылы, Қазақстанның болашақ дамуына бағытталған маңызды қорытындылар мен ұсыныстар ұсынады.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
©2026 Автор (лар). Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution NonCommercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған.

