ХІХ ғ. екінші жартысы — ХХ ғ. басындағы Жетісу облысындағы медициналық мекемелердің қалыптасуы мен дамуы
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/139-154Кілт сөздер:
Жетісу облысы, денсаулық сақтау, медициналық мекемелер, Ресей империясы, әскери және азаматтық медицина, медициналық инфрақұрылым, эпидемиологиялық жағдай, вакцинацияАңдатпа
Мақалада XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы Жетісу облысында медициналық мекемелер жүйесінің қалыптасуы мен дамуы үдерісі зерттелген. Мұрағаттық материалдар мен жарияланған дереккөздер негізінде Ресей империясының аймақты әскери-әкімшілік тұрғыда игеру жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуының институционалдық ерекшеліктері талданған. Алғашқы кезеңде медициналық көмек әскери-медициналық жүйе аясында қалыптасып, негізінен әскери бөлімдерді қызметпен қамтамасыз еткені, алайда уақыт өте келе оның қызметі азаматтық халыққа да таралғаны көрсетіледі. Зерттеуде медициналық инфрақұрылым
эволюциясының негізгі кезеңдері қарастырылады: алғашқы лазареттер мен госпитальдардың құрылуынан бастап уездік қабылдау бөлімшелері, дәрігерлік участкелер және азаматтық емдеу мекемелері желісінің қалыптасуына дейін. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформаларға, сондай-ақ 1882 жылғы өзгерістер мен 1897 жылғы заңға ерекше назар аударылады, өйткені олар медициналық қызметті институционалдандыруға және ауылдық медицинаның дамуына ықпал етті. Статистикалық деректер мен мұрағаттық материалдарды талдау аймақтағы денсаулық сақтау жүйесінің дамуына тән негізгі проблемаларды айқындауға мүмкіндік береді. Олардың қатарында медициналық кадрлардың созылмалы тапшылығы, қаржыландырудың шектеулігі, стационарлық базаның әлсіздігі және аумақтық алшақтықтың жоғары деңгейі атап көрсетілді. Халық санының өсуі мен қоныс аудару үдерістерінің күшеюі жағдайында эпидемиологиялық жүктеменің артқаны, бұл өз кезегінде алдын алу шараларын және жергілікті халық арасынан медициналық көмекшілер даярлауды қажет еткені көрсетіледі. Мақалада Жетісу облысындағы денсаулық сақтау жүйесінің өтпелі сипатта болғаны
негізделеді, яғни ол әскери, казак және азаматтық медицинаның үйлесімділігін қатар қамтыған. XX ғасырдың басына қарай медициналық мекемелер желісінің біртіндеп кеңеюі байқалғанымен, оның дамуы құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық факторлармен шектеліп отырғаны тұжырымдалған.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Eurasian Journal of History

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution Non-Commercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған. Аталған лицензия түпнұсқа жұмысқа тиісті түрде сілтеме жасалған жағдайда, коммерциялық емес мақсатта кез келген форматта қайта пайдалануға, таратуға және көшіруге рұқсат береді. Сілтеме жасау үшін DOI пайдаланыңыз. Коммерциялық тұрғыда пайдалану үшін history.journal.kbu@gmail.com электронды поштаға хабарласыңыз

