1929–1933 жылдары Қарағанды облысындағы партиялық және мемлекеттік аппаратты тазарту саяси қуғын-сүргіннің құрамдас бөлігі ретінде

1929–1933 жылдары Қарағанды облысындағы партиялық және мемлекеттік аппаратты тазарту саяси қуғын-сүргіннің құрамдас бөлігі ретінде

Авторлар

  • Валерия Козина Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026ejh-1/144-156

Кілт сөздер:

Қазақстан, Қарағанды облысы, партия тазартулары, БК(б)П, контрреволюция, партиялық жаза, ұлтшылдық, әлеуметтік қайта құру, архив материалдары.

Аңдатпа

1920-жылдардың соңы мен 1930-жылдардың басында Кеңес Одағы терең саяси және әлеуметтік өзгерістер кезеңіне енді. Индустриялық аймақ ретінде белсенді дамып келе жатқан Қарағанды облысы мемлекеттік және партиялық аппаратты «тазарту» шараларын қамтыған жаппай саяси қуғын-сүргін аренасына айналды. Бұл шаралар бақылауды күшейту, оппозицияны жою және партияны «сенімсіз элементтерден» тазарту құралы ретінде қарастырылды. Мақалада 1929–1933 жылдардағы Қарағанды өңірінде жүргізілген партиялық тазартулары зерттелді. Зерттеу Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағатының (ҚОММ) материалдарына, соның ішінде нормативтік-құқықтық құжаттарға, тексеру комиссиялары отырыстарының хаттамалары мен БК(б)П қатарынан шығарылғандардың тізімдеріне сүйенеді. Партия мүшелерінің кеңеске қарсы әрекеттері, революциялық элементтермен байланысы, тәртіптен жалтаруы және социалистік идеологияны бұзғаны үшін қатардан шығарудың нақты мысалдары қарастырылады. Сонымен бірге көптеген құжаттар ұзақ уақыт құпия сақталып, тек соңғы жылдары ғылыми айналымға түсе бастағандықтан, мұрағаттық базаның шектеулілігі тазарту механизмінің толық бейнесін бермейді. Осыған қарамастан бұл зерттеу партиялық актив пен БК(б)П ОК мүшелерінің көпшілігіне қарсы қуғын-сүргіндердің басты себебін анықтауға және 1929–1933 жылдардағы партия аппаратын тазарту аймақтағы саяси қуғын-сүргіннің маңызды бөлігі болғанын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Бұл оқиғалар Қарағанды облысының дамуына және мыңдаған адамдардың тағдырына елеулі әсер етіп, Қазақстан тарихындағы қайғылы беттердің бірі болды.

Жарияланды

2026-03-31

How to Cite

Козина, В. (2026). 1929–1933 жылдары Қарағанды облысындағы партиялық және мемлекеттік аппаратты тазарту саяси қуғын-сүргіннің құрамдас бөлігі ретінде . Eurasian Journal of History, 12131(1), 144–156. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026ejh-1/144-156

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ
Loading...