Хасан Оралтай зерттеулеріндегі Алаш қозғалысының тарихы
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026ejh-1/132-143Кілт сөздер:
Алаш қозғалысы, Хасан Оралтай, тарихнама, қазақ диаспорасы, «Азаттық» радиосы, тарихи жады, идеологиялық күрес, тоталитаризм, зиялылар.Аңдатпа
Мақала Алаш ұлт-азаттық қозғалысының тарихын зерттеудегі қазақ диаспорасының көрнекті өкілі Хасан Оралтайдың ғылыми және публицистикалық мұрасын талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі кеңестік тоталитарлық жүйе мен идеологиялық цензура жағдайында ұлттық тарихтың бұрмалануына қарсы тұрған баламалы тарихнамалық деректерді ғылыми айналымға енгізу қажеттілігімен айқындалады. Авторлар «Қырғиқабақ соғыс» кезеңіндегі идеологиялық текетірес контексінде Хасан Оралтайдың Мюнхен қаласындағы «Азаттық» радиосындағы қызметі мен Түркия және Еуропа басылымдарында жарық көрген еңбектерін кешенді түрде қарастырады. Зерттеу барысында
салыстырмалы-тарихи, проблемалық-хронологиялық әдістер және контент-талдау тәсілдері қолданылды. Бұл әдістер кеңестік ресми тарихнама мен Хасан Оралтай ұсынған диаспоралық көзқарас арасындағы түбегейлі қайшылықтарды ашуға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде Х. Оралтайдың Алаш тарихын зерттеудегі нақты үлесі анықталды: ол Еуропа архивтері (Хельсинки, Лондон) негізінде «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы жасанды дұшпандық туралы кеңестік тарихнаманы жоққа шығарады. Сондай-ақ, Алаш Орда үкіметі мен Түркістан автономиясының сабақтастығын дәлелдеп, Мағжан Жұмабайұлының мұрасын халықаралық деңгейде насихаттады. Сонымен қатар, оның «Central Asian Survey» беделді ғылыми журналындағы жарияланымдары арқылы Алаш тақырыбын батыстық академиялық ортаға интеграциялағаны көрсетілген. Мақалада Хасан Оралтайдың еңбектері тек тарихи дерек қана емес, сонымен бірге отарсыздану және ұлттық жадыны сақтау механизмі ретінде бағаланады. Оның зерттеулері қазіргі Қазақстан тарихнамасы үшін маңызды дереккөз және ХХ ғасырдағы ұлт зиялыларының саяси күресін объективті түсінуге септігін тигізеді.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution Non-Commercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған. Аталған лицензия түпнұсқа жұмысқа тиісті түрде сілтеме жасалған жағдайда, коммерциялық емес мақсатта кез келген форматта қайта пайдалануға, таратуға және көшіруге рұқсат береді. Сілтеме жасау үшін DOI пайдаланыңыз. Коммерциялық тұрғыда пайдалану үшін history.journal.kbu@gmail.com электронды поштаға хабарласыңыз
