Тарихи білім берудегі азаматтық құндылықтар: батыстық тұжырымдамалардың теориялық-әдіснамалық талдауы

Тарихи білім берудегі азаматтық құндылықтар: батыстық тұжырымдамалардың теориялық-әдіснамалық талдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026ejh-1/37-46

Кілт сөздер:

тарихи білім беру, азаматтық құндылықтар, азаматтық сана, тарихи ойлау, азаматтық тәрбие, тарихи сана, демократиялық білім беру, сыни тәсілдер, шетелдік тәсілдер

Аңдатпа

Мақала тарихи білім беру жүйесіндегі азаматтық құндылықтарды түсіндіруге арналған шетелдік теориялық-әдіснамалық тәсілдерді талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі жаһандану, мәдени плюрализм және қазіргі қоғамдағы азаматтық модельдердің трансформациясы жағдайында білім беру тәжірибелеріндегі құндылықтық құрамдастың маңыздылығының артуымен айқындалады. Осы тұрғыда тарихи білім беру тек өткен туралы білімді жеткізетін пән ретінде ғана емес, азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға, әлеуметтік тәжірибеге сыни көзқарас дамытуға және қоғамдық өмірге саналы түрде қатысуға қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған кеңістік ретінде қарастырылады. Мақалада азаматтық құндылықтар тарихи білім берудің маңызды категориясы ретінде қарастырылатын шетелдік ғылыми дәстүрдегі негізгі теориялық бағыттар талданған. Атап айтқанда, тарихи білім, азаматтық тәрбие және білім беру практикасының арақатынасын әртүрлі қырынан түсіндіретін либералдық-демократиялық, республикалық, сыни-теориялық, мультимәдени және
құзыреттілікке негізделген модельдер қамтылады. Азаматтық құндылықтарды қалыптастырудағы нормативтік және сыни тәсілдердің айырмашылықтарына, сондай-ақ оларды тарихты оқыту мазмұны мен әдістеріне енгізудің тұжырымдамалық жолдарына ерекше назар аударылған. Зерттеу нәтижелері
қазіргі шетелдік теорияларда алдын ала қатаң бекітілген құндылықтық ұстанымдардан бас тартып, тарихи ойлау, рефлексия, өткенді интерпретациялау қабілеті және қоғамдық пікірталасқа қатысу дағдыларын дамытуға бағытталған үрдістің күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл тұрғыда азаматтық
құндылықтар дайын нормалар жиынтығы ретінде емес, білім алушылардың тарихи нарративтермен, дереккөздермен және әлеуметтік контекстермен саналы әрі сыни өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын құбылыс ретінде түсіндіріледі. Мақалада азаматтық құндылықтардың тарихи білім беруде мазмұндық мақсаттан гөрі, оқу курстарының құрылымын, мазмұнын іріктеу және педагогикалық стратегияларды айқындайтын әдіснамалық бағдар ретіндегі рөлі негізделеді. Сонымен қатар шетелдік тәжірибені сыни тұрғыдан пайымдаудың және оны ұлттық білім беру  ағдайларына бейімдеудің маңыздылығы тарихи білімнің идеологиялану қаупін ескере отырып айқындалады.

Downloads

Жарияланды

2026-03-31

How to Cite

Бауржан, А., Қабылтаева, С., & Болатова, К. (2026). Тарихи білім берудегі азаматтық құндылықтар: батыстық тұжырымдамалардың теориялық-әдіснамалық талдауы. Eurasian Journal of History, 12131(1), 37–46. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026ejh-1/37-46

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ
Loading...