Журнал туралы

«Eurasian Journal of History» (EJH) журналы «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Филосфия сериясы» журналының (ISSN 2518-7236 (print), ISSN 2663-5100 (online) құқықтық мұрагері болып табылады.

«Eurasian Journal of History» журналы — бұл тарих саласы бойынша зерттеу нәтижелерін жариялауға арналған халықаралық және рецензияланатын ашық қолжетімді ғылыми журнал. Журнал авторлардың толық ғылыми мақалалары мен рецензияларын жариялайды.  

ISSN: 3134-9102 (print), 3134-9110 (online).

«Eurasian Journal of History» журналының алаңы әлем елдерінің авторлары мен оқырмандарына ашық. Қолжазбалар жыл бойы тарих ғылымының негізгі бағыттары, соның ішінде Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, археология және этнология, тарихи антропология, тарихи өлкетану және мұражайтану, халықаралық қатынастардың тарихы, тарихнама және деректану т.б. бағыттары бойынша қабылданады.

Барлық келіп түскен мақалалардың тақырыптық бағытын және авторларға арналған ережеге, дәйектілік пен жаңалық стандарттарына, жалпы сапа мен баспа этикасына сәйкестігін редакциялық алқа бағалайды. Авторларға арналған ұсынымға (талаптарға) сәйкес келмейтін мақалалар рецензиялаусыз кері қайтарылады. Журналдың бас редакторы редакциялық алқа мүшелерімен бірге мақаланы рецензиялау, қолжазбадан бастарту немесе рецензиялауға дейін қандайда бір өзгерістер енгізуді сұрату жөнінде шешім қабылдай алады. Қойылған талаптарға сәйкес келетін қолжазбалар жасырын рецензиядан өту үшін екі тәуелсіз рецензентке (сарапшыға) жіберіледі. 

Рецензиядан сәтті өткен мақалалар жарияланады және Creative Commons Attribution 4.0 International (CC-BY-4.0) ашық лицензия шартына сәйкес ашық қолжетімділік режимі (Gold Open Access) арқылы таратылады.

Журналдың құрылтайшысы және баспагері: «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ, Қарағанды, Қазақстан.

Баспа тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Кезеңділігі: тоқсан сайын (жылына 4 рет).

Журнал келесі жүйелерде индекстеледі:

- ҚазИНЦ (қазақстандық ғылыми басылымдардағы жарияланымдардың реферативтік деректер қоры);

- РҒДИ (Ресей ғылыми дәйексөздер индексі);

- Академия Google (Google Scholar).

Eurasian Journal of History («Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы» ҚР ҒЖБ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұсынған журналдар тізіміне кіреді. Бұйрық №1735, 27 желтоқсан 2012 ж.; Бұйрық №265, 18 наурыз 2021 ж.).

Loading...