«Шанхай бестігінен» ШЫҰ-ға дейін: регионализм және аймақтық қауіпсіздік кешені теориясы аясындағы өңірлік ынтымақтастық тарихы (1996–2001 жж.)

«Шанхай бестігінен» ШЫҰ-ға дейін: регионализм және аймақтық қауіпсіздік кешені теориясы аясындағы өңірлік ынтымақтастық тарихы (1996–2001 жж.)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/143-159

Кілт сөздер:

ШЫҰ тарихы, Шанхай бестігі, ШЫҰ, Орталық Азия, аймақтық ынтымақтастық тарихы, регионализм, аймақтық қауіпсіздік кешені теориясы, шекаралық қауіпсіздік, халықаралық қатынастар тарихы

Аңдатпа

Мақалада 1996–2001-жылдар аралығындағы «Шанхай бестігінің» Шанхай ынтымақтастық ұйымына трансформациялану тарихы қарастырылды. Негізгі назар әскери-шекаралық сенімді нығайту және қарулы күштерді шектеу тетігінен қауіпсіздік саласындағы күн тәртібі біртіндеп кеңейген өңірлік ынтымақтастықтың орнықты көпжақты форматына көшу үдерісіне аударылады. Зерттеудің мақсаты — ШЫҰ қалыптасуының тарихи логикасын айқындау және регионализм мен өңірлік қауіпсіздік кешені теориясы аясында өңірлік өзара іс қимылдың институционалдануына ықпал еткен факторларды анықтау. Зерттеудің дереккөздік негізін «Шанхай бестігі» шеңберінде және ШЫҰ-ның құрылу кезеңінде қабылданған мемлекетаралық келісімдер, бірлескен мәлімдемелер мен декларациялар құрайды. Авторлар аталған құжаттарды талдау арқылы ынтымақтастық мазмұнының әскери сенім шаралары мен шекаралық мәселелерді реттеуден саяси үйлестіруге, өңірлік қауіп- қатерлер туралы ортақ түсініктің қалыптасуына және көпжақты өзара іс қимылдың институционалдық тұрғыдан рәсімделуіне дейінгі өзгерісін айқындайды. Сонымен қатар ұйымның ұйымдық-құқықтық құрылымының одан әрі дамуын анықтауға мүмкіндік беретін кейінгі нормативтік құжаттары да ескеріледі. Зерттеудің әдіснамалық негізін регионализм тәсілдері, соның ішінде жаңа регионализм, сондай-ақ Б. Бузан мен О. Вэвердің аймақтық қауіпсіздік кешені теориясы құрайды. Авторлар тарихи-генетикалық, проблемалық-хронологиялық, тарихи-салыстырмалы және институционалдық әдістерді қолданған. Зерттеу нәтижелері Ресей мен Қытайдың стратегиялық жақындасуы ШЫҰ-ның қалыптасуы үшін маңызды әрі қажетті, алайда жеткіліксіз шарт болғанын көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның шекараларды тұрақтандыруға, әскери-саяси белгісіздікті төмендетуге және Қытаймен болжамды өзара іс қимыл қалыптастыруға бағытталған өзіндік мүдделерін басшылыққа алған аймақтық қауіпсіздік тетіктерін құру үдерісінің дербес қатысушылары ретіндегі рөлі де талданған. Кейіннен Өзбекстанның қосылуы ынтымақтастықтың бастапқы әскери-шекаралық логика шеңберінен шыққанын және «шанхай үдерісінің» неғұрлым кең орталықазиялық сипатқа ие болғанын көрсетті. 1996 2001-жылдары өзара іс-қимыл функцияларының дәйекті түрде кеңейгені анықталды: шекаралық тұрақтандыру мен сенім шараларынан саяси диалогқа, аймақтық қауіпсіздікке қатысты ұстанымдарды үйлестіруге және жаңа трансшекаралық қауіп-қатерлерге қарсы іс қимылдың ортақ тетігін қалыптастыруға көшу жүзеге асты. Зерттеу нәтижесінде авторлар 1996–2001 жылдардағы «шанхай үдерісінің» қалыптасуын үш өзара байланысты кезеңге бөліп қарастыратын авторлық кезеңдеуді ұсынады: 1996–1997 жж. ― әскери-шекаралық сенім мен қарулы күштерді шектеудің шарттық-құқықтық негіздерінің қалыптасуы; 1998 2000 жж. ― көпжақты күн тәртібінің, саяси үйлестірудің және аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың кеңеюі; 2001 ж. ― қатысушылар құрамының кеңеюі және ресми аймақтық ұйымға көшу. Мақала авторлары зерттеудің ғылыми жаңалығы 1996–2001 жж. ШЫҰ құрылуының қарапайым алғышарты немесе тек дайындық кезеңі ретінде емес, аймақтық ынтымақтастықтың институционалдануының дербес кезеңі ретінде түсіндіруде деген қорытынды жасайды.

Жарияланды

2026-09-30

How to Cite

Стамбулов, С., Бейсенбекова, Н., Тулегенова, А., Туякова, А., & Абыласимов, М. (2026). «Шанхай бестігінен» ШЫҰ-ға дейін: регионализм және аймақтық қауіпсіздік кешені теориясы аясындағы өңірлік ынтымақтастық тарихы (1996–2001 жж.). Eurasian Journal of History, 12331(3), 143–159. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/143-159

Журналдың саны

Бөлім

ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ
Loading...