ХХ ғасырдың 40-жылдарындағы Солтүстік Кавказ халықтарының Қазақстанға депортациялануы: ұжымдық жадтан ұлттық және мәдени бірегейлікке дейін

ХХ ғасырдың 40-жылдарындағы Солтүстік Кавказ халықтарының Қазақстанға депортациялануы: ұжымдық жадтан ұлттық және мәдени бірегейлікке дейін

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/74-86

Кілт сөздер:

Қазақстан, депортация, Солтүстік Кавказ, шаруашылық-тұрмыстық бейімделу, ұжымдық жад, мәдени жарақат, жады орындары, бірегейлік, әдет-ғұрып, отбасы

Аңдатпа

Мақалада 1943–1944-жылдары Қазақстанға жер аударылған Солтүстік Кавказ халықтарының ұжымдық жады мен мәдени бірегейлігінің қалыптасу үдерісі талданды. Сонымен бірге жарақаттық тәжірибенің ұрпақтан ұрпаққа берілуіне, отбасылық нарративтердің, діни және дәстүрлі құқықтық тәжірибелердің (әдет-ғұрып), сондай-ақ жер аудару кеңістігінің «жады орнына» айналуына ерекше назар аударылған. Үшінші және төртінші ұрпақтың бірегейлігі бинарлық сипатқа ие екендігі көрсетіледі: Кавказ қасиетті тарихи атамекен ретінде сақталса, Қазақстан олардың нақты Отанына айналған. Архивтік құжаттар этномәдени бірегейлікті сақтаудың және кеңестік әкімшілік жүйенің ассимиляциялық саясатына қарсы тұрудың негізгі тетіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар арнайы қоныстанушылардың аға буынының өздерінің ұлттық және мәдени болмысын сақтауға бағытталған ұжымдық әрі жеке әрекеттері қарастырылды. КСРО-дағы депортациялық үдерістерді зерттеу бүгінгі күні тарихи ғылымдағы өзекті бағыттардың бірі болып қала береді. Алайда отандық ғылымда тарихи жады мәселесі, әсіресе депортация туралы ұжымдық жадтың Қазақстан жағдайында ұлттық және мәдени бірегейлікті қалыптастырудың маңызды ресурсына қалай айналғаны, оның ішінде салыстырмалы тұрғыда, жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Осы зерттеуде Солтүстік Кавказ халықтарының Қазақстанға депортациялануы кеңестік ұлттық саясаттың тарихи фактісі ретінде ғана емес, ұжымдық жадының депортацияға ұшыраған қауымдардың ұлттық және мәдени бірегейлігін сақтау мен трансформациялаудың негізгі факторларының біріне айналған ұзақ мерзімді әлеуметтік- мәдени үдеріс ретінде қарастырылады. Мәжбүрлі қоныс аудару Солтүстік Кавказ халықтарының ұлттық бірегейлігін жойған жоқ, керісінше, оның нығаюына ықпал етті. Өйткені тарихи атамекенінен айырылған жағдайда ұжымдық жад, ана тілі, діни тәжірибелер мен дәстүрлі институттар этномәдени тұтастықты сақтаудың басты тетіктеріне айналды. Күштеп қоныс аудару жағдайында жер аударылған қауымдар тек жаңа ортаға бейімделу және физикалық тұрғыдан аман қалу мәселесімен ғана емес, сондай-ақ тілін, дәстүрлерін, діни тәжірибелерін және мәдени мұра элементтерін сақтау арқылы өзін дербес этникалық әрі мәдени қауым ретінде қайта өндіру міндетімен де бетпе-бет келді.

Жарияланды

2026-09-30

How to Cite

Макалаков, Т. (2026). ХХ ғасырдың 40-жылдарындағы Солтүстік Кавказ халықтарының Қазақстанға депортациялануы: ұжымдық жадтан ұлттық және мәдени бірегейлікке дейін. Eurasian Journal of History, 12331(3), 74–86. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/74-86

Журналдың саны

Бөлім

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Loading...