Мақала Цин империясының Қазақ хандығымен арадағы шекараны бекемдеу саясаты (XVIII ғасырдың екінші жартысы)

Мақала Цин империясының Қазақ хандығымен арадағы шекараны бекемдеу саясаты (XVIII ғасырдың екінші жартысы)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/87-104

Кілт сөздер:

Қазақ хандығы, Цин империясы, Жоңғария, Іле генерал-губернаторлығы, шекараны бекемдеу саясаты, этнодемографиялық саясат, қазақ-цин қатынастары, XVIII ғасырдағы Орталық Азия, шекаралық дипломатия, геосаяси стратегия

Аңдатпа

Мақала XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Жоңғар хандығы күйрегеннен кейін оның иелігінде бой көтерген Цинь империясы билігінің Қазақ хандығымен арадағы шекараны бекемдеу саясатын жан-жақты талдауға арналған. Отандық және шетелдік тарихнама негізінде Цинь императорлары мен оның жергілікті әскери-әкімшіл билеушілерінің басып алынған аумақта жүзеге асырған әскери-саяси, демографиялық көші-қон және сауда-саттық, сондай-ақ дипломатиялық шаралары мен тәсілдері сараланған. Авторлар Тянь Шанның солтүстігі мен оңтүстігін түгел толықтай бақылауда ұстау, игеру мақсатында құрылған Іле генерал-губернаторлығының қызметін де қарастырған. Аталған құрылым жай ғана әскери-әкімшілік орталық емес, қазақтың хан сұлтандарының саяси дипломатиялық байланыстарын реттейтін, сондай-ақ Цинь империясының Қазақ хандығы мен Орта Азия хандықтары саясатын үйлестіріп реттейтін институт ретінде зерттеледі. Шекарада маусымдық және тұрақты бақылау бекеті — қарауылдарды құру, тұрақтыәскери гарнизондар орналастыру және өз бетінше бір жақты көші-қонға тыйым салу, шектеу шаралары бұл тек бақылау мен басқаруды күшейту емес, геосаяси мәні астарлы кешенді стратегия ретінде бағаланады. Сонымен қатар Цяньлун императоры тұсындағы шекаралық саясаттың өзгеру динамикасы басты назарға алынып, дереккөздермен дәлелденеді, атап айтқанда, екі ел арасында алғашқы байланыс орнаған бастапқы кездегі қатаң да кескін тыйым-шектеулердің бірте-бірте жұмсару себептері сарайдағы орда естеліктері мен императордың әр кезеңдегі түрлі жарлықтары мен жергілікті билеушілердің жазған хат-хабары негізінде сараланады. Маньчжур, қытай және шағатай тіліндегі деректермен жұмыс жасаған ғалымдардың, зерттеушілердің, деректанушылардың тұжырымдарын негізге ала отырып, Цинь империясының шекаралық саясаты әскери әкімшілік, шаруашылық демографиялық және дипломатиялық шараларды толық қамтыған жүйелі, жан жақты терең ойластырылған жоба болғаны дәлелденген. Сондай-ақ мақалада тарихи дереккөздермен ғылыми жұмыс атқарған әртүрлі тілдегі ғылыми зерттеулерге салыстырмалы-сараптамалық талдау жасалып, олардың ғылыми құндылығы мен танымдық маңызы айқындалған. Бұл әдіснамалық тәсіл Орталық Азиядағы геосаяси өзгерістердің шынайы нақты сипатын ашуға мүмкіндік береді. Қорытындыда Цинь империясының атқарған бұл қадамдары Қазақ хандығымен қарым-қатынасты институционалдандыруға ықпал етіп, XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы мен Орталық Азиядағы саяси кеңістіктің жаңа құрылымын қалыптастырғаны негізделеді.

Downloads

Жарияланды

2026-09-30

How to Cite

Сыламхан, Е., & Кабылтаева, С. (2026). Мақала Цин империясының Қазақ хандығымен арадағы шекараны бекемдеу саясаты (XVIII ғасырдың екінші жартысы). Eurasian Journal of History, 12331(3), 87–104. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-3/87-104

Журналдың саны

Бөлім

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Loading...