Қазақ ауылының әлеуметтік поляризациясы және 1920-жылдардағы кеңестік биліктің таптық науқаны
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-1-1/7-19Кілт сөздер:
дәстүрлі қауым, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік жіктелу, пауперлену, маргиналдану, мүлікті тәркілеу, байлық, батрактық, ЖЭС, ҚазөлкекомАңдатпа
Мақалада ЖЭС кезеңіндегі қазақ ауылының әлеуметтік-экономикалық серпіні және Қазөлкекомның алғашқы реттеуші акциялары талданып, 1920-жылдары ауыл қоғамының тұрақты жіктелуінің себептері ашып көрсетіледі. Жалпысоюздық ауқымда жаңа экономикалық саясатқа көшу тауар-ақша қатынастарының рөлін күшейтіп, нарықтық топтардың (батрактық, ауқатты қожалықтар) қалыптасуымен сипатталса, қазақ ауылында бұл үдерістер табиғи мал шаруашылығы укладының басымдығы мен тауарлық айырбасқа шектеулі тартылуына байланысты әлсізірек байқалғаны дәлелденеді. Зерттеудің жаңалығы 1920-жылдар реформаларын тек әкімшілік науқандар ретінде емес, қауымішілік нормалар, ынтымақ және қайта бөлу жүйесіне жасалған интервенция ретінде қарастыруымен айқындалады. Қожалықтардың ресурстық қамтамасыз етілуі жөніндегі ресми материалдарды, реформалар қорытындыларына берілген партиялық бағаларды және 1950-жылдардың соңы – 1960-жылдардың басындағы далалық жазбалардан алынған ауызша деректерді салыстырмалы талдау көптеген өзгерістердің ықпалы шектеулі болғанын көрсетеді: жер мен шабындық алу көбіне мал мен еңбек құралдары жоқ жағдайда шаруашылық дербестікке жеткізбеді, ал бай қожалықтарының мүлкін қайта бөлу дәстүр қысымы және қауымдық кепілдіктерден айырылып қалу қаупі салдарынан тежелді. Соның нәтижесінде ұжымдастыруға дейін аул халқының едәуір бөлігі арасында әлеуметтік поляризация, маргиналдану және пауперлену үдерістері сақталды. Мақалада 1927 жылғы ауыл шаруашылығы санақ деректері, партия-кеңес кеңестері мен есептік материалдары, сондай-ақ Қазақ КСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты экспедицияларында жиналып, Қолжазба қорында сақталған ауызша деректер пайдаланылды.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution Non-Commercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған. Аталған лицензия түпнұсқа жұмысқа тиісті түрде сілтеме жасалған жағдайда, коммерциялық емес мақсатта кез келген форматта қайта пайдалануға, таратуға және көшіруге рұқсат береді. Сілтеме жасау үшін DOI пайдаланыңыз. Коммерциялық тұрғыда пайдалану үшін history.journal.kbu@gmail.com электронды поштаға хабарласыңыз
