«Ұзын оқты» Оңдан: XVI ғасырдың екінші жартындағы қазақ сұлтаны
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/155-165Кілт сөздер:
Қазақ хандығы, XVI ғасырдың екінші жартысы, сыртқы саясат, Оңдан сұлтан, Ораз-Мұхаммед, Ноғай ордасы, «Жамиғ ат-тауарих», Қадір Әлібек, Шоқан Уәлиханов, Құрбанғали ХалидАңдатпа
XVI ғасырдың ортасы мен екінші жартысы Қазақ хандығы тарихының маңызды кезеңі болғанымен, мемлекет тарихындағы жекелеген тұлғалардың рөлі әлі де болса толық зерттелмей келеді. Сол кезеңдегі ірі әскери және саяси қайраткердің бірі — қазақ ханы Шығайдың үлкен ұлы Оңдан сұлтан. Бұл тұлғаның Қазақ хандығы тарихы үшін маңызы зор болса да, оның өмірбаянына қатысты арнайы зерттеулер кездеспейді. Мақаланың мақсаты — Оңдан сұлтан өмірінің негізгі кезеңдерін қайта жаңғыртып, оның Қазақ хандығы тарихындағы рөлі мен маңызын көрсету. Мақалада сұлтанның қызметі туралы барлық негізгі тарихи деректер жинақталып, зерделенді. Тарихнамада алғаш рет қолжетімді барлық дереккөздер негізінде Оңдан сұлтанның өмірбаяны барынша толық қайта жасалды, бұл зерттеудің ғылыми жаңалығын дәйектейді. Сұлтан туралы мәліметтер шежірелік деректерде сақталған, олардың негізгісі — XVII ғасырдың басында Қасым хандығында жазылған Қадыр Әлібектің «Жами ат-таварих» атты әйгілі еңбегі. Сонымен қатар XIX ғасырдың ортасы мен екінші жартысында Шоқан Уәлиханов пен Құрбанғали Халид жинақтаған фольклорлық дереккөздердегі ақпарат пайдаланылды. Бұл мәліметтер Оңдан сұлтанның тарихи санадағы бейнесін айғақтайтындықтан зерттеу үшін өте құнды. Зерттеу өмірбаяндық тәсіл мен тарихи персоналистикаға негізделген. Оңдан сұлтан текті әулеттен шыққан, Хақназар мен Шығай хандар билігінің соңғы
жылдарындағы көрнекті тұлға болған. Ол әскери өнерді жетік меңгеріп, өз заманының әскери-саяси оқиғаларына белсене қатысқан. Деректерге сүйенсек, Оңдан сұлтан ойраттармен соғыстарға, сондай-ақ Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы жорықтарға қатысқан. Оның Ноғай Ордасымен байланысы да маңызды мәселелердің бірі. Дереккөздердің шектеулілігіне қарамастан, Оңдан сұлтанның XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы тарихының негізгі оқиғаларына белсенді қатысқаны туралы маңызды қорытынды жасауға болады. Дегенмен тарихнамада қалыптасқан пікірлерге қарама-қайшы келетін мәліметтерге сақтықпен қарау қажет. Мақалада сұлтанның 1580 жылдардың ортасында қайтыс болғаны туралы қалыптасқан түсінікке күмән келтіріліп, оның қаза тапқан уақыты ертерек болуы мүмкін деген болжам ұсынылады. Бұдан бөлек, тарихнамада бұрын назардан тыс қалған сұлтанның қаза болу жағдайларына тоқталып, оның өлімі хандық ішіндегі саяси ахуалмен байланысты болуы мүмкін деген негізді жорамал жасалды.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Eurasian Journal of History

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution Non-Commercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған. Аталған лицензия түпнұсқа жұмысқа тиісті түрде сілтеме жасалған жағдайда, коммерциялық емес мақсатта кез келген форматта қайта пайдалануға, таратуға және көшіруге рұқсат береді. Сілтеме жасау үшін DOI пайдаланыңыз. Коммерциялық тұрғыда пайдалану үшін history.journal.kbu@gmail.com электронды поштаға хабарласыңыз

