Отандық тарихнамадағы Ақжан Машановтың ғылыми мұрасы

Отандық тарихнамадағы Ақжан Машановтың ғылыми мұрасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/216-227

Кілт сөздер:

Ақжан Машанов, тарихнамалық талдау, зияткерлік биография, қазақстандық тарихнама, ұлттық интеллигенция, пәнаралық тәсіл, тарихи жад, түрік өркениеті, фарабитану, ғылыми мұра

Аңдатпа

Мақалада геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың өмірі, ғылыми қызметі және зияткерлік мұрасына арналған зерттеулерге тарихнамалық талдау жасалды. Оның еңбектерінің отандық ғылымда зерттелу деңгейі қарастырылып, ғылыми мұрасын пайымдаудың негізгі бағыттары айқындалды, сондай-ақ тарихнамада жеткілікті дәрежеде ашылмаған мәселелер шеңбері анықталды. А.Ж. Машановтың ХХ ғасырдағы қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілі ретіндегі бейнесінің қалыптасуына ерекше назар аударылған; оның ғылыми қызметі жаратылыстану және гуманитарлық білім салаларының пәнаралық ықпалдастығы аясында дамығаны көрсетілді. Зияткерлік өмірбаян, дербес тарих, Қазақстанның ұлттық зиялы қауымының тарихы мәселелеріне арналған еңбектер, сондай-ақ Ақжан Жақсыбекұлына тікелей қатысты арнайы зерттеулер талданды. Анықталғандай, зерттеудің бастапқы кезеңінде жарияланымдарда сипаттамалық-өмірбаяндық және публицистикалық ұстаным басым болып, негізгі назар оның геология, тау-кен ісі және педагогикалық қызмет
салаларындағы еңбегіне аударылған. Сонымен бірге ғалымның тарихи көзқарастары, Қазақстанның көне тарихы, мәдени мұра, ғылым тарихы және рухани сабақтастық жөніндегі зерттеулері ұзақ уақыт бойы дербес зерттеу нысанына айналмаған. Дереккөздік базаның кейіннен кеңеюі, бұрын қолжетімсіз болған еңбектердің жариялануы және жаңа мәліметтердің ғылыми айналымға енгізілуі зерттеудің неғұрлым жүйелі деңгейге көшуіне ықпал еткені туралы айтылған. А.Ж. Машановтың ғылыми мұрасын зерттеудің негізгі бағыттары ашып көрсетілді. Оларға оның геологияны, тау-кен ісін, фарабитануды дамытуға қосқан үлесі, Қазақстанның көне тарихы мен ежелгі металлургиясын зерттеуі, сондай-ақ оның еңбектерін тарихи жады, ұлттық сана және мәдени сабақтастық контексінде түсіндіру жатады. Қазіргі тарихнамада оның ғылыми мұрасын бағалауда әртүрлі тәсілдердің сақталып отырғаны анықталды: бірқатар еңбектерде жаратылыстану-ғылыми қырына басымдық берілсе, енді бірінде тарихи-мәдени мәселелер алдыңғы орынға шығарылады, ал үшінші бір еңбектерде оның мұрасын тұтас пәнаралық жүйе ретінде қарастыруға талпыныс жасалған. Мақаланың ғылыми
жаңалығы А.Ж. Машановтың ғылыми мұрасын зерттеудің негізгі кезеңдерін жүйелеуден және оған арналған историографияның даму логикасын айқындаудан көрінеді. Биографиялық, деректік-институционалдық, кешенді-биографиялық және тұжырымдамалық-талдамалық кезеңдер сараланды.
Ең аз зерттелген мәселелер ретінде оның мұрасындағы жаратылыстану-ғылыми және тарихи-гуманитарлық құрамдастардың арақатынасы, ғалымның геологиялық зерттеулері мен оның тарихи жинақтауларының өзара байланысы, оның зерттеулерінің XX ғасырдың екінші жартысындағы
Қазақстанның зияткерлік тарихындағы орны және көзқарастарының отандық тарихи ойдың дамуына ықпалы белгіленді. Осылайша, А.Ж. Машановқа арналған зерттеулер ауқымының едәуір кеңейгеніне қарамастан, оның ғылыми мұрасы әлі де толыққанды тұжырымдамалық тұрғыдан жан-жақты зерттеле қойған жоқ деген қорытынды жасауға болады. Оның еңбектерін қазақстандық ғылым тарихын, ұлттық
интеллигенцияның рөлін және қазіргі историографияның әдіснамалық ұстанымдарын зерттеудің маңызды дереккөзі ретінде одан әрі қарастыру қажеттігі негізделеді.

Downloads

Жарияланды

2026-06-30

How to Cite

Шабамбаева, А., Абдрахманов, Б., & Айткенов, З. (2026). Отандық тарихнамадағы Ақжан Машановтың ғылыми мұрасы. Eurasian Journal of History, 12232(2), 216–227. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/216-227

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ
Loading...