Қарағанды кеншілерінің күнделікті өмірінің тарихнамасы: кеңестік және шетелдік тәсілдер
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/118-138Кілт сөздер:
Қарағанды көмір бассейні, күнделікті тарих, кеңестік тарихнама, шетелдік тарихнама, әлеуметтік тарих, индустрияландыру, шахтерлер, мәдени антропология, жұмысшы табы, аймақтық зерттеулерАңдатпа
Мақалада көмір өнеркәсібінің тарихына, саладағы жұмысшы табының қалыптасуы мен дамуына, шахтерлік ортадағы әлеуметтік-мәдени үдерістерге қатысты кеңестік және шетелдік зерттеулердің кешенді тарихнамалық талдауы ұсынылған. Кеңестік кезеңнің тарихнамасы өндірістік жетістіктерді
көрсететін және идеологиялық ұстанымдар негізіндегі зерттеулерден тұратын еңбектер шоғырын құрайды; ал әлеуметтік бейімделу, тұрмыстық тәжірибе және күнделікті өмірдің қиындықтары мәселелері ұзақ уақыт бойы назардан тыс қалып келген. Авторлар аймақтың әлеуметтік тарихын зерттеудің тәсілдерін салыстырмалы түрде сипаттайды, шахтерлік тұрмысты зерделеудегі негізгі кезеңдер мен методологиялық өзгерістерді атап өтеді. Тарих ғылымының кеңестік даму кезеңіне идеологиялық детерминизм тән болды, бұл зерттеушілер назарының индустриалдық құрылыстың макропроцестеріне шоғырлануына әкелді. Осы парадигма шеңберінде еңбек рекордының динамикасына, социалистік жарыс институтына және партиялық-мемлекеттік басшылықтың рөліне баса назар аударылды. Шетелдік тарихнама Батыс ғалымдарының кеңестік индустрияландыру феноменіне, жұмысшы қозғалысына және сталиндік модернизацияның әлеуметтік салдарына тұрақты
қызығушылығы аясында талданды. Методология еркіндігіне қарамастан, шетел авторларының еңбектерінде тікелей қазақстандық материалға негізделген жергілікті зерттеулердің жетіспеушілігі байқалатыны атап өтілді. Қорытындыда Қарағандыны өзіндік әлеуметтік-мәдени кеңістік ретінде зерделеудің жоғары ғылыми болашағы туралы тұжырым жасалды. Миграциялық көші-қон ағындары,
мәжбүрлі еңбек жүйелері және өзіндік индустриялдық бірегейліктің қалыптасу үдерістері тоғысқан ортаны талдауда микротарихи тәсілді қолданудың қажеттілігі негізделді. Мақала Қазақстанның тұтас әлеуметтік тарихын жаңғырту үшін күнделікті тәжірибелерді қалпына келтіре отырып зерттеу
маңыздылығын атап көрсетеді.
Downloads
Жарияланды
How to Cite
Журналдың саны
Бөлім
License
Copyright (c) 2026 Eurasian Journal of History

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
Бұл ашық қолжетімді мақала Creative Commons Attribution Non-Commercial 4.0 халықаралық лицензиясы негізінде жарияланған. Аталған лицензия түпнұсқа жұмысқа тиісті түрде сілтеме жасалған жағдайда, коммерциялық емес мақсатта кез келген форматта қайта пайдалануға, таратуға және көшіруге рұқсат береді. Сілтеме жасау үшін DOI пайдаланыңыз. Коммерциялық тұрғыда пайдалану үшін history.journal.kbu@gmail.com электронды поштаға хабарласыңыз

