КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін жүйесіндегі әйелдер (1918–1950 жж.): нормативтік-құқықтық талдау (1 және 2 кезеңдер)

КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін жүйесіндегі әйелдер (1918–1950 жж.): нормативтік-құқықтық талдау (1 және 2 кезеңдер)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/7-25

Кілт сөздер:

нормативтік-құқықтық баз, саяси қуғын-сүргі, ГУЛАГ әйелдері, гендерлік аспект, контрреволюциялық қылмыстар, «халық жаулары», соттан тыс органдар, КСРО

Аңдатпа

Мақала 1918–1950 жылдардағы Кеңес Одағындағы саяси қуғын-сүргіннің нормативтік-құқықтық базасын гендерлік аспект тұрғысынан талдауға арналған. Зерттеуде кеңестік репрессивтік заңнаманың қалыптасуының негізгі кезеңдері қарастырылады: революциялық кезеңнің алғашқы декреттерінен
бастап сталиндік дәуірдегі репрессивтік тәжірибелердің институционалдануына дейін. Мемлекеттік зорлық-зомбылықтың легитимді сипатқа ие болып, қоғамды саяси басқарудың тұрақты құралына айналуына мүмкіндік берген тетіктерді айқындауға ерекше назар аударылған. Автор әйелдерге қатысты репрессивтік саясаттың мәні мен ауқымын ашып көрсететін негізгі заңдарды, кодекстерді, қаулылар мен директивалық құжаттарды талдайды. Зерттеудің дереккөздік базасын ХКК мен БОАК декреттері, КСРО ОАК мен ХКК қаулылары, қылмыстық және түзету-еңбек кодекстері, сондай-ақ ОГПУ мен НКВД-ның ведомстволық актілері құрайды, бұл репрессивтік жүйенің құқықтық рәсімделу эволюциясын қадағалауға мүмкіндік берді. Гендерлік тәсіл кеңестік репрессивтік саясат жағдайындағы әйелдер жағдайының ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік жасайды. Зерттеу нәтижесінде формальды түрде жарияланған теңдік қағидатына қарамастан, әйелдер қуғын-сүргінге дербес қудалау нысаны ретінде де, сондай-ақ «халық жауларының» отбасы мүшелері ретінде де ұшырағаны көрсетіледі. Сонымен қатар соттан тыс тәжірибелердің кеңеюі, әкімшілік жер аудару, мәжбүрлі еңбек және отбасылық тиесілігіне қарай ұжымдық жауапкершілік жағдайында әйелдердің ерекше осал топқа айналғаны айтылған. Қолданыстағы нормативтік базаны жүйелеу негізінде автор 1917–1958 жылдар аралығын қамтитын бес кезеңді бөліп көрсетеді. Бұл кезеңдер әйелдерге қатысты репрессивтік саясатты күшейту немесе жұмсартуға бағытталған нормативтік құжаттар негізінде
айқындалған. Мақалада 1917 жылдан 1937 жылдың тамызына дейінгі алғашқы екі кезеңнің заңнамалық құжаттары зерделенген. Алғашқы кезеңде кеңестік террордың жалпы құқықтық базасының қалыптасқаны анықталды, оның аясында әйелдер әлі де жәбірленушілердің ерекше санаты ретінде бөлінбегенімен, таптық және саяси қудалау тетіктері арқылы репрессивтік практикаға тартылған. Екінші кезең, ұжымдастыру, кулактарды тәркілеу және НКВД-ның рөлінің күшеюі жағдайында, әйелдер репрессиялардың объектісіне жиі және тек айыпталғандардың туыстары ретінде ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік наразылықтарға қатысушылар әрі «әлеуметтік қауіпті» мәртебе иелері ретінде қарастырылды. Қорытындыда автор саяси қуғын-сүргіннің нормативтік-құқықтық базасы зорлық-зомбылықты институционалдандыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды элементі болғанын, ал қуғын-сүргіннің гендерлік қыры кеңестік әлеуметтік және құқықтық жүйенің терең қайшылықтарын көрсететінін атап өтеді

Жарияланды

2026-06-30

How to Cite

Абдрахманова, К. (2026). КСРО-дағы саяси қуғын-сүргін жүйесіндегі әйелдер (1918–1950 жж.): нормативтік-құқықтық талдау (1 және 2 кезеңдер). Eurasian Journal of History, 12232(2), 7–25. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026-31-2/7-25

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ
Loading...