Қарағанды облысына этникалық қазақтардың қоныстану үдерісі

Қарағанды облысына этникалық қазақтардың қоныстану үдерісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026ejh-1/170-181

Кілт сөздер:

Қазақстан, тәуелсіздік, этникалық көші-қон, репатриация, Қарағанды облысы, Моңғолия қазақтары, квота, мұрағат деректері, әлеуметтік бейімделу, азаматтық.

Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықта жүзеге асқан этникалық репатриация саясатына Қарағанды облысы мысалында талдау жасауға арналған. 1990-жылдардың басында Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі әлеуметтік-демографиялық дағдарыс, мемлекеттік шекаралардың қайта құрылуы және этносаралық қатынастардың өзгеруі нәтижесінде кең ауқымды көші-қон үдерістерін бастан өткерді. Осы үдерістердің маңызды құрамдас бөлігі – шетелдердегі этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы болды. Зерттеу барысында 1991-2001 жылдар аралығындағы көші-қон квоталарының динамикасы, қоныстану географиясы, репатрианттардың әлеуметтік-экономикалық бейімделуі және олардың құқықтық мәртебесін рәсімдеу ерекшеліктері қарастырылды. Мұрағаттық құжаттар мен ресми статистикалық деректер негізінде репатриациялық саясаттың институционалдық қалыптасуы, оның өңірлік деңгейде іске асырылу тетіктері және әлеуметтік салдарлары айқындалды. Зерттеу нәтижелері Қарағанды облысына келген этникалық қазақтардың басым көпшілігі Моңғолиядан оралған қандастар екенін, ал ТМД елдерінен келгендердің негізінен квотадан тыс, өз бастамасымен қоныс аударғанын көрсетеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – репатрианттардың қоныстану және бейімделу тәжірибесін күрделі әлеуметтік-тарихи үдеріс ретінде қарастырып, аймақтық көші-қон саясатының ерекшеліктерін алғаш рет жүйелі түрде талдауында. Алынған нәтижелер репатриациялық саясаттың тиімділігі елдің әлеуметтік инфрақұрылымының сапасына, экономикалық жағдайына және құқықтық реттеу деңгейіне тікелей тәуелді болғанын көрсетеді. Мұрағаттық деректер мен шетелдік зерттеушілер еңбектерін салыстырмалы талдау Қазақстанның репатриация тәжірибесінің халықаралық деңгейдегі артықшылықтарын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл зерттеудің нәтижелері этнодемографиялық дамудың аймақтық ерекшеліктерін терең түсінуге, қазіргі көші-қон саясатын жетілдіруге, сондай-ақ репатрианттарды әлеуметтік бейімдеу мен өңірлік этнодемографиялық даму стратегияларын жоспарлаудың тиімді тетіктерін әзірлеуге септігін тигізеді.

Downloads

Жарияланды

2026-03-31

How to Cite

Нығметова, Ж. (2026). Қарағанды облысына этникалық қазақтардың қоныстану үдерісі . Eurasian Journal of History, 12131(1), 170–181. https://doi.org/10.31489/3134-9102/2026ejh-1/170-181

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ
Loading...