Бурабайдағы Тасқамал мегалит кешенінің рельефті гранит блогы
##semicolon##
https://doi.org/10.31489/2023hph3/140-151##semicolon##
археология, ескерткіш, рельеф, жануар бейнесі, мегалиттік қалау, Тасқамал кешеніАңдатпа
Қазақстан Республикасы Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан Бурабай тау-орман алқабының аумағында 2022 жылы Тасқамал бірегей археологиялық нысанын зерттеу басталды. Ескерткіш — ұзын қабырғалар түріндегі екі мегалитикалық құрылыстан, екі пандусы бар үйінді ашық террассадан, төсемдер түріндегі қосымша құрылымдардан, тас жазуы бар қойтастардан тұратын мегапландық кешен. Оның құрамына гранитке арналған тас қазбалары, шеберхана кіреді. Тасқамал кешені екі батпақты учаскенің арасында орналасқан қарағайлы орманмен жабылған табиғи жотада тұрғызылған. Жоспарда ол үш негізгі дуал-қабырғадан тұрады, әрбір дуал-қабырға қосылған тұсында тік бұрышты болып, әрі қарай ирек болып жалғасады. Табиғи жотада тастарды адам қолымен жасалған іс әрекетер байқалады, яғни гранитті тастарды жону, бір-біріне келтіріп қалау т.б. Оның жеке сәулет элементтеріне қолжетімді ұқсастықтарға қарағанда, ескерткіштің неолиттен кейінгі қола дәуіріне дейінгі мерзім шеңберінде қарастыруға болады. Ашық террассаның астындағы батыс қабырғадағы кірпіштің арасынан сиыр немесе өгіздің бедерлі бейнесі табылды. Ол қабырғаның жартас негізіне қойылған және кірпіштің техникалық бөлігі болып табылатын тегістелген гранит тақтайшасында жасалған. Жануарды анықтауға болатын бірнеше негізгі бөлшектер жақсы сақталған. Мысалы: денесі, басы және артқы аяғы. Рельефтің Қазақстан мен Орталық Азия археологиясының ескерткіштеріне тікелей ұқсастығы жоқ.



