Тоныкөктің тұлғасы және Екінші Шығыс Түрік қағанатының геосаяси жағдайы
##semicolon##
https://doi.org/10.31489/2023hph2/231-239##semicolon##
Ашина, түрік, қағанат, Білге, қағанАңдатпа
Екінші Түркі қағанатының мемлекеттік кеңесшісі, 682-725 жылдар аралығындағы Қағанаттың идеологиялық қызметіне жауапты басты идеолог Тоныкөктің қызметін зерттеу және бағалау тарих ғылымының өзекті тақырыбы болып табылады. 682-725 жылдар аралығында дана Тоныкөк билеуші үш қағанның саяси, рухани және мәдени мәселелер бойынша кеңесшісі қызметін атқарды. Мақалада қағанның мемлекеттік кеңесшісі, Жоғарғы Сот төрағасы болған Тоныкөктің қоғамдық-саяси қызметінің сырларының мәні ашылған. Зерттеу жұмысы барысында авторлар тарихи деректерді, сондай-ақ Түркі қағанатының іргелі мәселелерімен айналысатын түркітанушылар мен тарихшылардың еңбектерін зерттеді. Ежелгі түркілердің этникалық шығу тегі, этногенезі, тайпалық құрамы және мемлекеттік құрылымы талданған. Қазіргі уақытта Екінші Түрік қағанатын құруда орасан зор саяси қызмет атқарған Ашина Тоныкөктің тарихи тұлға ретіндегі қызметі туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары салыстырмалы түрде алғанда көп емес. Мақалада түріктердің барлық этникалық тайпаларының тәуелсіздік идеялары аясында Құтлық қаған және дана Тоныкөк сияқты тарихи тұлғалардың 682 жылы Екінші Шығыс Түркі қағанатының мемлекеттік құрылысын қайта бастауының себептері туралы гипотезалар мен ғылымиойлар кеңінен талқыланған



