Problems of trade and provision in the daily life of rural regions residents of Central Kazakhstan during 1964-1985
DOI:
https://doi.org/10.31489/2023hph1/144-154Keywords:
everyday life, trade, supply, commodity, demand, rural region, Central Kazakhstan, scarce commodityAbstract
Мақалада жоспарлы экономикаға сүйенген кеңестік жүйедегі сауда және қамтамасыз ету саласының ауылдық аймақтардың күнделікті өміріндегі орны мен өзгерістерге әсері қарастырылған. Авторлар ғылыми айналымға алғаш енгізілген архивтік құжаттар мен интервью материалдарын пайдаланған. Кеңестік сауда-қамтамасыз ету жүйесі сұранысты ескермегендіктен, ол қарапайым азаматтарды әртүрлі тауарлармен толық қамтамасыз ете алмады. Авторлар қамтамасыз етудің кемшіліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, аудандар мен тауар түрлері арасындағы жергілікті айырмашылықтарға байланысты талғамның өзгеруі мен адамның қажеттіліктеріндегі жаңашылдықты көрсетеді. Көп
жылдар бойы сақталып келе жатқан мәселелердің шешімін бейресми жолмен іздеу әдетінің қалыптасуы айқын дәлелдермен көрсетілген. Қорытындылай келе, ауыл халқын халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету толығымен мемлекетке бағындырылып, адамдардың күнделікті өмірдегі тапшылық мәселелерін шешу бейресми байланыстар арқылы және жер-жерлерде жүзеге асырылды деген қорытынды жасалды. Кеңес халқы тапшылықпен «үнсіз қарсылық» әдістері арқылы «күресті».
Downloads
Published
How to Cite
Issue
Section
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
©2026 The Author (s). This is an open access article under the Creative Commons Attribution NonCommercial 4.0 International License.