Кент, ауыл және ауылдық округ әкімдерін сайлау құралдарын жетілдіру
##semicolon##
https://doi.org/10.31489/2023ph4/209-219##semicolon##
кент әкімі, ауыл әкімі, ауылдық округ әкімі, жергілікті өзін-өзі басқару, әкімдерді сайлау, сайлау құралдарыАңдатпа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасында мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару реформаларын іске асырумен байланысты. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған жергілікті деңгейдегі әкімдерді сайлауды өткізу осы реформаның міндеттерінің біріне айналды. Ал 2021 жылы әкімдерді сайлау мүмкіндігін айқындайтын «Сайлау туралы» және «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңнамаға өзгерістер енгізілді. 2021 жылдың 25 шілдесінде алғашқы осындай сайлау өткізілді, дегенмен олардың жеңімпаздары өзін-өзі ұсынушылар емес, қазіргі әкімдер, мемлекеттік қызметкерлер және басқарушы партия өкілдері болды. Зерттеудің мақсаты соңғы жылдары жергілікті мемлекеттік басқару мен өзінөзі басқару реформасын ескере отырып, Қазақстандағы кенттер, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерін сайлаудың мәнін, мәселелері мен келешегін айқындау. Зерттеудің жаңалығы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару реформасы шеңберінде Қазақстан Республикасында жергілікті деңгейдегі әкімдерді сайлау жүйесін дамытудың негізгі параметрлері, нәтижелері, мәселелері мен келешегі айқындалғандығымен байланысты. Зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі уақытта кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің өткізілген сайлауының нәтижелері (2021- 2022 жж.) халықтың жергілікті билікті бақылауға, атқарушы билікті жаңартуға және оның тиімділігін арттыруға деген қажеттілігін айғақтайды. Сонымен бірге, заңдар деңгейінде әкімдер сайлауының моделін осы деңгейде жетілдіру қажет (өзін-өзі ұсынған кандидаттарды тіркеу және қол жинау тәртібін оңайлату, сайлау қорын қалыптастыру, бір жерде және жанама сайлау өткізу мүмкіндігі).



