Ерте бозбалалық жастағы кəсіптік бағдарлар мен өзін-өзі реттеу жүйесін зерттеу

Авторлар

  • Е.А. Лазарева

##semicolon##

ерте бозбалалық жас, кəсіптік өзін-өзі айқындау, кəсіптік бағдарлар, өзін-өзі реттеу жүйесі.

Аңдатпа

Мақалада ерте бозбалалық жастағы кəсіптік бағдарлардың жəне өзін-өзі реттеу жүйесінің мəселелері жан-жақты қарастырылды. Осы психологиялық құбылыстарды байланыстыру жəне олардың гендерлік ерекшелігін анықтау талпынысы өткізілген зерттеудің жаңалығы болып табылады. Жоғары сынып оқушыларында кəсіптік таңдау жасауға дайындығы қалыптасқандығын бейнелейтін «өзін-өзі жоғары бағалау» атты кəсіптік бағдардың үстем болатындығы айқындалған. Оқушылардың көбісінде өзін-өзі реттеу жүйесі жоғары деңгейде қалыптасқаны көрсетілген. Өзін-өзі реттеу жүйесінің жоғары жəне орта деңгейде қалыптасқан оқушылардың бейіндері құрастырылған, олардың даму жəне өтеу қажеттілігі бар жан-жақтары белгіленген. Бойжеткен мен бозбалардың кəсіптік бағдарлары арасындағы айырмашылықтары маңызды емес екендігі бейнеленген. Алайда пайыздық қатынаста бойжеткендердің, бозбалаларға қарағанда, өзін-өзі реттеу жүйесі жоғары дамығаны сипатталған.

##submission.downloads##

Жарияланды

2019-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ