Амакудари философиялық-мәдени концепті және мемлекеттік қызмет

Авторлар

  • Б.Қ. Ақын

##semicolon##

https://doi.org/10.31489/2023ph3/186-192

##semicolon##

амакудари, сыбайлас жемқорлық, механизм, бюрократтар, жапон, мемлекеттік қызмет, элита, мемлекеттік кәсіпорын, жеке кәсіпорын, парламент

Аңдатпа

Мақалада амакудари философиялық-мәдени концептісінің практикасы қарастырылған. Амакудари
дегеніміз ― мемлекеттік органдар зейнеткерлікке  шыққан элиталық бюрократтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін өздері реттейтін жеке  фирмалармен байланысатын жағдайларды білдіреді. Жеке компаниялар мен ұйымдар жалдаған кезде бюрократтар өздерінің бұрынғы жұмыс берушілерімен
тиімді мемлекеттік келісімшарттар алу, реттеуші тексерулерден аулақ болу немесе жеңілдіктер алу
үшін келісімге келуі мүмкін. Сонымен бірге реттеуші мен реттелетін субъекті арасындағы жасырын сөз байласу рәсімі туралы да айтылған. Амакудари немесе мемлекеттік қызметкерлерді қайта жұмысқа алу жапондық бюрократия мен саясатта елеулі  алаңдаушылық тудырды. Автор Жапониядағы амакударидің қалай пайда болғанын зерттейді және онымен байланысты жамандық пен ізгі қасиеттерді анықтайды. Соңында ол жүйені реформалау бойынша бірнеше ұсыныстар жасаған. Бұл кез келген кешенді реформалар жоспары мемлекеттік қызметте,  мемлекеттік кәсіпорындарда, тәуелсіз әкімшілік институттарда және саяси перспективада құқықтық өзгерістерге әкеліп соғуы керек екенін көрсетеді. Лауазымды тұлғалардың кәсіби этикасын белсендіру мен басқару, мемлекеттік кәсіпорындарда бақылау тетіктерін орнату, парламентте пікірталас пен сұрақ қоюды күшейту күшті құрал ретінде қарастырылады. Зейнеткерлікке шыққан шенеуніктерді қайта жұмысқа алу үшін көзделіп отырған кадрлық база дұрыс ұйымдастырылған және тиімді жұмыс істей алатындай болуы керек. Бұл зерттеу сонымен қатар бюрократтардың, саясаткерлердің және жеке сектордағы жұмыс берушілерді амакударидің кемшіліктерінің тұрақты шешімін табу үшін менталды сілкініске шақырады

##submission.downloads##

Жарияланды

2023-12-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ