Алаш зиялыларының еңбектеріндегі жастар мəселесі
##semicolon##
Алаш зиялылары, жастар, білім, тəрбие, тəуелсіздікАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялау туралы ұсынысы негізінде 2019 жылдың 23 қаңтарында «Жастар — біздің болашағымыз» атты арнайы өткізілген форумның маңыздылығына назар аударып, бүгінгі жастар — біздің болашағымыздың сенімді тірегі болып табылады, ұлттық мемлекетті дамытуда игі істерді жүзеге асыратын болады деп айтылған. Бүгінгі жастар бəсекеге қабілетті болуы керек. Автордың пікірінше, қəзіргі қазақ қоғамы жастардың дамуына өз үлесін қосуда. Мақаланың негізгі ережелері мен тұжырымдары көптеген мамандарды-тарихшыларды, саясаткерлерді, тілшілерді қызықтыруы мүмкін. Жастарға қатысты ұлттық ұстаным тұрғысынан алғанда, қазақ зиялыларының тарихи еңбектерінде жастар мəселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жастардың рухани жаңғыру орталықтарында жұмыс істейтін қызметкерлер, жас ұстаз-тəрбиешілердің жұмыстарында қолданудың үлкен тəжірибелік маңызға ие. Студенттердің, магистранттардың ғылыми еңбектерін жазуға арналған нұсқаулық ретінде қазақ зиялыларының еңбектерінің практикалық маңызы зор. Авторлар жастар жəне оларды тəрбиелеу мəселесін, атап айтқанда, «Алаш» партиясының зиялы қауымының еңбектері арқылы зерттеді.



