Шығыс Қазақстанның федоров тайпаларының жерлеу рəсімін зерттеу тарихы мен сипаттамасы
##semicolon##
Шығыс Қазақстан, зерттелу тарихы, археология, ғалымдар, қорымдарАңдатпа
Шығыс Қазақстандағы көне ескерткіштері туралы ХVІІІ-ғасырдың саяхатшылары мен ғалымдары
қысқаша мəліметтер келтірген. Аймақта жүйелік археологиялық зерттеулер 1935 ж. Шығыс
Қазақстан археологиялық экспедициясы КСРО ҒА ММТИЛБ жəне Қазақ КСР ҒА Тарих, археология
жəне этнография институты жұмыстарымен байланысты С.С. Черниковтың басшылығымен жүзеге
асты. 1971 жылдан бастап аймақта Өскемен пединститутының археологиялық экспедициясы жəне
ҚазССР ҒА Шүлбі экспедициясы жұмыс жасауда. 1993–1998 жж. бастап далалық жұмыстарды
А.А. Ткачев жəне Н.А. Ткачева жүргізді. 1998–2000 жж. Марқакөл археологиялық отряды РесейҚазақстан экспедициясымен Күршім ауданында əртүрлі мəдени ескерткіштер тобын зерттеді.
Басылымда 20 қорым нысанда алынған материалдар негізінде ескерткіштерге сипаттама берілді (Бетқұдық, Қызылтас, Меновое ІХ, Ахмерово ІІ, Қара-Өзек, Қаражал, Облакетка, Семей дөңдері, Кіші
Қойтас, Березовский, Маринка, Зевакино, Жаңажұрт, Сарыкөл І, Сарыкөл ІІ, Қанай, Жартас,
Белокаменка, Кіші Қарасу, Айна-Бұлақ ІІ).



