Кеңестік тарихнамада Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан əйелдері бейнесі (1941–1964 жж.)

Авторлар

  • С.В. Елеуханова
  • А.Д. Утебаева

##semicolon##

кеңестік тарихнама, Ұлы Отан соғысы, Қазақстан, соғыстағы əйелдер тақырыбы, əйелдер мəселесі

Аңдатпа

Мақала 1941–1945 жж. кезеңін, соғыстағы Қазақстан əйелдерінің рөлін зерттеуде сапалы жаңа тəсілдер кеңестік тарихнаманың жетістіктері мен кемшін тұстары туралы анық пайымдауды талдауға aрналған. Кеңестік тарих ғылымында зерттелуші мəселенің үш кезеңі қарастырылды: I — тікелей соғыс кезі; II — соғыстан кейінгі алғашқы онжылдық; III — Коммунистік партияның XX съезінен кейін, өткен жүзжылдықтың 50 жж. ортасынан 60-жж. ортасына дейін. Бұндай кезеңдестіру əрбір кезеңге тəн нақты тарихи, саяси жəне идеологиялық жағдайлармен түсіндіріледі. Авторлар əрбір тарихнамалық кезеңдегі əйелдер тақырыбы бойынша ғылыми білімдердің толықтырылу үдерісін қарастырды. Кеңестік тарихнаманың негізгі сипаттық белгілері мен ерекшеліктері айқындалған, зерттеудің жетістіктері мен шектері, əдістемелік негіздері көрсетілген. Авторлар зерттелуші кезеңде соғыс жылдарында майдан мен тылдағы республика əйелдері туралы арнайы зерттеу жарыққа шықпаған деген қорытындыға келді. Осымен байланысты жинақталған білімдерді ой елегінен өткізу мен жаңа əдіснамалық тəсілдердің негізінде осындай зерттеуді жүргізу қажеттігі туындады.

##submission.downloads##

Жарияланды

2019-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ