Балалардың мектепке бейімделуінде ата-ананың ролі
##semicolon##
мектепте оқуға дайындық, бейімделу, ата-ана əсерi, стресс, өзара əрекет, бала тұлғасы, психологиялық ерекшеліктерАңдатпа
Баланың мектепке баруы оның өміріндегі жаңа кезеңдердің бірі болып саналады. Мектепте оқудың бірінші жылы бала өміріндегі тек маңызды кезеңдердің бірі ғана емес, сонымен қатар ата-аналар үшін де сынақ мерзімі болып есептеледі, себебі нақты осы кезеңде олардан балалар өміріне белсене араласуды талап етеді. Сонымен бірге мектептегі балаларда кездесетін стресстік жағдайлардың туындауына ата-аналардың бұл мəселелерге психологиялық сауатты тұрғыдан келмеуінің əсері болуы мүмкін. Бұл жағдай ата-аналар тарапынан ерекше назарды талап етеді жəне отбасында мейірімді, бірбіріне сыйластық ахуалы орнауы қажет. Нақты жағдайда ата-ана əсері өте күшті. Баланы дербестікке, ұйымдастырушылыққа, тиянақтылыққа тəрбиелеу ата-аналарға байланысты. Əсіресе ерекше назарды бірінші сынып оқушысының күн тəртібінің дұрыс орындалуына аудару керек. Мектептегі бірінші жыл — күрделі кезең. Кейде ата-аналар балалардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алмай, тез жетістікке жету ниетімен, мектептегі стресстік жағдайды өздері де туғызуы мүмкін. Бірінші сынып оқушылары үшін оқудың алғашқы кезеңі жеткілікті дəрежеде қиын, себебі бұл олардың өмір салты мен іс-əрекетінің қайта құрылуын талап етеді. Мақалада баланың мектепте оқуға жетістікпен бейімделуі қарастырылды, бұл бала мен ата-ананың өзара əрекеті сипаттары мен олардың қарымқатынастарына тиімді əсер етіп, баланың жеке тұлғасының үйлесімді дамуы үшін жағымды жағдай жасайды.



