Су-энергетика мəселесі ұлттық жəне аймақтық қауіпсіздіктің қазіргі факторы ретінде (селдер, мореналық көлдер жəне көшкіндердің жүру мəселесі)
##semicolon##
гляциология, селдер, көшкіндер, табиғат апаттары, қауіпсіздікАңдатпа
Мақалада Орталық Азия мемлекеттерінің ұлттық жəне аймақтық қауіпсіздігінің қазіргі факторы жоспарындағы тау бөктерлерінің, мұз жəне тау аймақтарындағы су ресурстарының қауіпсіз дамуының су-энергеткалық мəселелері қойылды. Аталған қауіпсіздіктің күрделі бөлігі — сел қауіпі жəне оны жалғастыратын көшкін массалары. Су-энергетикалық қауіптерден айқын көрініс берген айқын сипаттамалары (негізінен, Алатау таулық бөктері мысалында) қарастырылған. Мəселенің шешілуі есептелмеген, тек аталған шешімді бейнелейтін болжамның үлгісі ұсынылды.



