Жоғары білім беру жүйесіндегі қазақстандық қоғамды əлеуметтік трансформациялау

Авторлар

  • Д.Г. Шорманбаева
  • Е.Н. Ивлева
  • М.А. Сейдинова

##semicolon##

жоғары білім, білімді коммерцияландыру, академиялық ұтқырлық, халықаралық ұтқырлық, гуманизация

Аңдатпа

Аталған зерттеудің мақсаты студенттердің заманауи білім беру жүйесіндегі əлеуметтік-мəдени құндылықтарға деген көзқарасын зерделеу болып табылады. Зерттеу барысында келесі мəселелер анықталды: студенттердің білім беру жүйесіндегі коммерциализация жəне оның нəтижелеріне көзқарастары; заманауи білім берудегі негізгі əлеуметтік-мəдени құндылықтарды анықтау; студенттердің сəйкестендіру негіздерін зерттеу. Бакалавриат студенттерінің академиялық ұтқырлық мониторингі жүргізілді. Зерттеу нəтижелерінен біз келесі тұжырымдамаларға келдік. Қазіргі таңда білім беруде вестернизация жəне коммерциализация заңдылықтары көрініс табады. Студенттер білім алудың прагматикалық аспектісіне бағыт алған. Білім беру барысында тұлғаның еркіндігі, өзін-өзі дамыту қағидалары, ұжымшылдық, идеялық сенімділік пен саналылық қағидаларына қарағанда,
басым. Авторлар білім беру мазмұнын жаңартып, қазіргі жағдайда білім беруді дамытудың
гуманитарлық парадигмасына теориялық жəне іс жүзінде негізделген өтуді көздейді, оның өлшемі мен орталығы адам болып табылады деген ойға келді. Білім берудің гуманитарлық парадигмасы білім берудегі ізгілендіруді білдіреді. Бұл үдерістің тұтастығы негізі адам болмысының философиялық түсінігін жəне адамдық бастама дамуының ең жоғары дəрежесі ретінде руханилықты тəрбиелеу мəселелерін болжайтын білімнің рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Осылайша, білім беру мен білім беру бағдармаларының сапасын бағалай отырып, ең алдымен, адам қабілетін терең зерттеп,  шығармашылық тұлға ретінде қарастыру керек

##submission.downloads##

Жарияланды

2019-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ТАРИХ