Ортағасырлық Сығанақ қаласы (жазба жəне археологиялық деректер негізінде)
##semicolon##
Сығанақ қаласы, археологиялық деректер, жазба деректерАңдатпа
Мақалада ортағасырлық Қазақстанның қала өркениетінің, суармалы егіншіліктің, отырықшылықтың орталығы болған Сығанақ этимологиясының шығуына байланысты жазба жəне археологиялық деректер сараланады. ХІ–ХІІІ ғғ. Қыпшақ хандығының, ХІV–ХV ғғ. Ақ Орданың, ХV–ХVІ ғғ. Қазақ хандығының астанасы болған Сығанақ қаласының əлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы тарихи деректер негізінде талданды. Ортағасырлық Сығанақ қаласының экономикасы мен əлеуметтік дамуының негізін құрайтын салаларға кеңінен тоқталып, қаланың əлеуметтік, экономикалық жəне саяси тарихының шынайы мазмұны қалпына келтірілген. Ғылыми айналымға соңғы жылдары енген археологиялық қазба жұмыстарының нəтижелерін сараптамадан өткізіп, қолда бар жазба жəне этнографиялық деректерді салыстыра отырып, ортағасырлық қаланың əлеуметтік-экономикалық жəне
саяси жағдайының тарихы ғылыми тұрғыдан қалпына келтірілді. Кейінгі ортағасырлық қаланың керамикалық бұйымдарының жасалу технологиясындағы ерекшеліктер анықталды. Керамика өндірісінің қаланың экономикалық жағдайына əсері анықталды; қазақ халқының дəстүрлі қолөнер түрлері мен олардың кейінгі ортағасырлық қалада даму деңгейі, архитектуралық ескерткіштер мен құландыларға сипаттамасы толықтырылып, ирригациялық жүйелер туралы деректер нақтыланды. Қалалардың əлеуметтік дамуына əсер етуші факторлар жəне тұрғын үй мен интерьеріндегі өзгерістер бойынша жəне қала тұрғындарының этникалық құрамы жөнінде ғылыми болжам жасалды.



