Діни төзімділік идеясын ұғыну контексіндегі мейірімділік пен зұлымдық теориясының аксиологиялық аспектісі

Авторлар

  • Б.И. Кəріпбаев
  • В. Словакова

##semicolon##

діни төзімділік, дін, этнос, мейірімділік, зұлымдық, экстремизм, əділдік, теңдік, еркіндік, демократия

Аңдатпа

Мақалада қазіргі заманғы коммуникациялық жүйелердегі жақсылық пен зұлымдық санаттарының онтологиялық жəне аксиологиялық аспектілерін бейнелейтін қазіргі философиялық дискурста қолданалатын негізгі тұжырымдар талданды. Жақсылық пен зұлымдылықтың əмбебаптылығын айқындайтын түсініктерге талдау жасалды. Бұл жерде теңдік, дін, еркіндік, жауапкершілік, экстремизм, əділеттілік категориялары жайлы айтылып отыр. Авторлар əмбебап аксиологиялық мағына мен түсініктерді дүниетанымдық тұрғыдан түсінуге арналған қолданбалы сипаттаманың ең тартымды зерттеулерге талдау жасады. Берілген мақалада М. Уолцер, Р. Дворкин, М. Сэндел жəне У. Кимлик ұсынған жəне жоғарыда берілген категориялардың негізгі бағыттарына зерттеу жүргізілді. Авторлардың ойынша, бұл зерттеушілердің тұжырымдамалары бір-бірін толықтырушы болып табылады жəне қазіргі таңдағы мəселеге толы кеңістіктің басты эпистемологиялық маңыздылықтарын айқындайды.

##submission.downloads##

Жарияланды

2019-03-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ