Діни толеранттылық пен конфессияаралық диалогтың қазақстандық үлгісі: əлеуметтік-философиялық талдау
##semicolon##
діни толеранттылық, конфессияаралық диалог, рухани келісім, зайырлы жəне діни диалог, қазақстандық келісімАңдатпа
Мақалада діни толеранттылық пен конфессияаралық диалогтың арнаулы қазақстандық үлгісінің қалыптасуының онтологиялық, аксиологиялық, əлеуметтік-мəдени қырлары философиялық тұрғыдан талданды. Конструктивті əлеуметтік өзгерістердің қажетті шарты ретінде зайырлы əрі діни сипаттағы рухани құндылықтардың рөлі мен маңызына дəлел келтірілді. Қазақстандық қоғамның рухани келісімге келу туралы тəжірибесін тұрақты өркениеттік дамудың негізгі шарты ретінде қарастыру ұсынылды. Қазіргі кезде өзара түсінік пен өзара келісімге келу жолдарын іздестіру үрдістерінің маңызды екендігі аталып өтілді. Соның арқасында диалогқа түсу жүзеге асырылды, ал онда шынайы таным мен түсінік көрініс табады. Заманауи көпқырлы əлемде діни толеранттылық пен конфессияаралық диалогтың қазақстандық үлгісіне қазақстандықтың сипаты тұрғысынан қарастыру ұсынылды. Диалог ортақ мақсаттарға жеткізу жұмысындағы өзара тиімді серіктестікке ұласқан түсінік пен келісімге құрылуы тиіс. Мəдениеттердің диалогы күрделі құрылымды əлеуметтік-мəдени құбылыс ретінде өзіне тəн табиғи ерекшелігі бар жəне оның жүзеге асырылуы диалогқа қатысушылардың қызығушылықтарына байланысты. Идеологиялық мазмұнның, диалогтың өзара əрекеттесуінің əрі өмірлік шынайы факторлары мағынасының өзара шарттылығы мəдениеттер диалогының негізі болып табылады. Дін рухани-моральдік идеалдардың жиынтығы əрі мəдени дəстүрлердің қорғаушысы ретінде көптеген заманауи қазақстандықтар үшін жоғарғы құндылықтарға ие. Дүниетанымдық матрицаның, сананың парадигмалары мен санаттық құрылымының рефлексивті ойлау тəсілдерінің өзгерісі өте маңызды əрі қажет болып табылады. Аталған мақалада тарихи тұрғыдан діни жəне зайырлы мəдениет диалогын жүзеге асырудың əлеуметтік жəне мəдени ерекшеліктерін талдау маңыздылығы, сондай-ақ Қазақстанның қоғамдық бірегей тəжірибесі қоса алынған заманауи шынайылық көрсетілген. Нағыз зайырлылық азаматтардың əлеуметтік шығармашылығы дінде қоғамдық əлемдік ахуалдың позитивті құрамдас бөлігі ретінде тану болып табылады.



